AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заманауи тәрбие тәсілдері. Баланы неге ұруға болма...

Заманауи тәрбие тәсілдері. Баланы неге ұруға болмайды?

Әлеумет 30.05.2025, 10:31 772
Заманауи тәрбие тәсілдері. Баланы неге ұруға болмайды?
Сурет: Gov.kz

Баланы тыңдау, оған түсіндіру - ең тиімді тәрбие құралы. Мұны психолог пен бала тәрбиесіне мән беретін мамандар жиі айтады. Алайда "бала таяқпен ғана дұрысталады" деген түсінікте қалған ата-аналар бар. Біз мектеп психологы Аяулым Бақытовамен сұхбаттасып, неге балаға қол көтеру дұрыс емесін, заманауи тәрбие тәселдерін сараладық.

Аяулым Оралқызы баламен қарым-қатынаста Шалва Амонашвилидің ізгілік педагогикасы қағидаларын басшылыққа алу қажетін айтады. Бұл тәсілде ең бастысы – баланың ішкі әлемін түсініп, құрметпен қарау.

"Ізгілікті қарым-қатынас, ізгілікті педагогика — баланың ішкі жан дүниесіне құрметпен қарап, оның табиғи қабілеттерін ашуға бағытталған тәрбие жүйесі. Бұл әдіс баланы жазалау арқылы емес, махаббат пен сенім арқылы тәрбиелеуді көздейді. Амонашвилидің айтуынша, білім адамға жүрек пен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады", - дейді маман. 

Ізгілікке құрылған орта – бала дамуының кепілі. Баланы ұрмай тәрбиелеу үшін отбасында және мектепте қауіпсіз, жылы орта қалыптасуы қажет. Мұндай ортада бала өзін еркін сезініп, ойын ашық жеткізеді, ішкі тебіренісін бөлісіп, арманын айтады. 

Ал физикалық күш көрсету:
- Баланың өзін-өзі төмен бағалап;
- Қорқыныш пен агрессияны тудырады;
- Ата-ана мен бала арасындағы сенімді әлсіретеді;
- Қоғамдық нормалар мен құндылықтарды қабылдауын тежейді.

"Ізгілікке негізделген тәрбие әдістері баланың тұлға болып қалыптасуына, оның әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді", - дейді ол.

Заманауи тәрбие тәсілдері – баланы еркелету емес. Бұл – нақты шекара мен жүйені сақтап, балаға түсіністікпен қарау. Бүгінде позитив тәрбие, эмоционал интеллект және мейірімді, бірақ талапшыл қарым-қатынас ұғымдары алдыңғы қатарда.

Баланы ұрмай, қалай тәртіпке шақыруға болады?

  1. Ашуыңыз келгенде алдымен сабырға келіңіз. Эмоциямен қабылданған шешім ешқашан дұрыс болмайды.

  2. Түсіндіру арқылы үйретіңіз. Бала "нені" емес, "неге" дегенді түсінгенде ғана тәрбие алады.  

  3. Жауапкершілік артыңыз. Балаға сеніп тапсырылған істер оның өзіндік құндылығын арттырады.

  4. Шекараны нақтылаңыз. Балаға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіру маңызды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ұру #психолог #Балалар күні #психология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика