AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Замана шындығын айтқан заңғар тұлға

Замана шындығын айтқан заңғар тұлға

Әлеумет 08.11.2022, 10:09 1,370
Замана шындығын айтқан заңғар тұлға
almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Шерхан Мұртаза – замана шындығын айтқан заңғар тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


Конференция басында, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы Шер атамыздың 90 жыл толуымен құттықтап, Қазақ журналистикасына қосқан үлесі - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазына екенін сөзінде тиек етті. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.


Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты түйткілді мәселелер талқыланды. Практикалық білік пен теориялық білімді ұштастырудың, ішкі гармониясын реттеудің жолдары зерделенді.



Қазақ журналистикасының мэтрі, классик жазушы Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакторы, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманағының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары ҚР мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.



Жазушының әр жылдары көптеген кітаптары жарық көрген. Шара барысында Журналистика факультетінде Шерхан Мұртаза аудиториясының ашылу салтанаты рәсімі өтті.


Салтанатты шараға көрнекті ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы және оқытушы ғалымдар мен студенттер қатысты. Жазушы-журналистің өмірі мен шығармашылығынан мол хабар беріп, заманауи техникамен жабдықталған оқу залы шәкірттердің шеберлігін шыңдап, жазу машығын қалыптастыруға үлкен көмегін тигізері сөзсіз.


 Бұл – өскелең ұрпақты тұлғалар арқылы, олардың іс-өнегесі мысалында тәрбиелеудің үлгісі.


Шара барысында, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов Шер атамыздың 90 жылдығымен құттықтап, Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың арнайы құттықтауын жеткізді және  ҚР сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Астана қаласынан келген арнайы құттықтауын табыс етті.


Конференцияда көрші елдердегі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Венгрия ғалымдарының жүрекжарды құттықтауын Led экран арқылы көрсетті. Конференция  барысында  ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа  трендеріне қатысты түйткілі мәселелер жан-жақты талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта конференция материалдары  ғылыми жинақта жарияланаын болады.


 ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушылары Құтпанбаева Ж., Жетпісбаева М.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Шерхан #жазушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);