2024 жылдың 25 қараша күні Rixos Almaty қонақ үйінде WHERETOEAT KAZAKHSTAN ресторан премиясы екінші рет өтеді – бұл елдің гастрономиялық индустриясы үшін ең маңызды оқиға.
WHERETOEAT KAZAKHSTAN премиясы мейрамханаларды бағалаудағы объективті тәсілдері үшін жоғары бағаланады және жалпы қызмет көрсету стандарттары мен тағамдардың сапасын көтеруге көмектеседі. Бұл кеште Қазақстанның үздік мейрамханалар белгілі болады, сондай-ақ мейрамхана саласындағы кәсіби мамандардың ерекше еңбегін бағалайтын арнайы номинациялар табысталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Ирина Тиусонина, халықаралық WHERETOEAT ресторан премиясының бас продюсері:
«Біз премияның екінші рет ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымыз, бұл – оның сұранысқа иә әрі маңызды екенін көрсетеді. Бізге гастрономия саласы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстанда болуы өте маңызды. Бұл елдің тарихы терең және өте қызықты жергілікті өнімдері бар. Біздің премия арқылы елдегі туризм одан әрі дамып, Қазақстан мен оның асханасы туралы адамдар көбірек біле бастайды деп үміттенеміз».
Қазіргі уақытта Премияның сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында финалға шыққан 50 ресторанның алдын ала тізімі жарияланған, сонымен қатар келесі номинациялар бойынша алдын ала тізім бар:
- «Жылдың Бас аспазы»;
- «Жыл Сомельесі»;
- «Үздік Бар»;
- «БАҚ таңдауы»;
- «Қазақ асханасының үздік рестораны»;
- «Жыл Кондитері».
Арнайы номинациялардың жеңімпаздарына, сондай-ақ рейтингте жоғары орындарға ие болған 10 мейрамханаға салтанатты рәсім кезінде ерекше сыйлықтар табыс етіледі.
WHERETOEAT KAZAKHSTAN бас серіктесі – Ultima Яндекс Gо, авторлық мейрамханалардан тағам жеткізу сервисі.
Ultima Яндекс Go – бұл қазіргі уақытта Қазақстан бойынша баламасы жоқ заманауи платформа арқылы мейрамханаларға өз аудиториясын кеңейтіп, қонақтар санын көбейту мүмкіндігі. WHERETOEAT KAZAKHSTAN және Ultima Яндекс Go серіктестігі мейрамханаларда қызмет пен тағамдардың сапасын көтеруге көмектеседі, яғни жалпы мейрамхана саласының дамуына әсер етеді.
ПРЕМИЯ ТУРАЛЫ: WHERETOEAT KAZAKHSTAN ресторан премиясы – бұл сарапшылардың кең алқасының жасырын дауыс беруі бойынша анықталатын еліміздің үздік мейрамханаларының жыл сайынғы рейтингі. Сарапшылар қатарында Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін мейрамхана иелері мен басшылары, қонақ үй иелері, бас аспаздар, сомелье, вино өндірушілер, бармендер, іскер топтардың өкілдері, беделді журналистер мен блогерлер бар.
Премия регламентіне сәйкес, сарапшылар Қазақстанда жұмыс істейтін кез келген мейрамханаға дауыс бере алады. Оған қоса, Премияның ұйымдастыру комитеті мейрамханалардан қатысуға өтініш қабылдамайды: сарапшылар өз таңдауларына қарай дауыс береді.
WHERETOEAT мақсаты – қызықты әрі ерекше орындарға назар аударта отырып, өз кәсібінің нағыз шеберлеріне жаңа мүмкіндіктер ашу және мейрамхана индустриясының дамуына әсер ету.
Премия дәстүр мен инновацияны ұштастыру арқылы жергілікті асханаға қызығушылықтың артуына көмектеседі, ол өз кезегінде халықтың мәдени мұрасының сақталуына және әлемдік аренада қазақ гастрономиясына деген қызығушылықтың артуына әсер етеді. Мұның бәрі Қазақстанның туристік әлеуетін арттырады – әсіресе, ерекше тәжірибе алуды қалайтын саяхатшыларды қызықтыратын гастрономиялық туризмді дамытады.
Мейрамханалардың экожүйесіндегі байланыстарды нығайту, гастроиндустрияны халықаралық дәрежеде дәріптеу және туристік секторды дамыту – ел экономикасына айтарлықтай оң әсерін береді.
WHERETOEAT KAZAKHSTAN-ның жаңа бас серіктесі – Ultima Яндекс Go. Осы серіктестіктің арқасында Премия Қазақстанның гастрономиялық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ елдегі мейрамхана саласының және оның ауқымының өсуіне әсер ететіндей жаңа мүмкіндіктер ие болады.
Жаңалықтарды Премияның ресми сайтында бақылап отырыңыз: https://wheretoeat.kz және әлеуметтік желіде: www.instagram.com/wheretoeat.kz