Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Визасыз режимнен қауіп жоқ

Визасыз режимнен қауіп жоқ

Әлеумет 16.05.2023, 05:40 1,397
Визасыз режимнен қауіп жоқ
Сурет: Qazaqtimes.com

Бұл - Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың пікірі.


Оның айтуынша, Қытаймен визасыз режимге қатысты тараған пікір қате, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Визасыз режим қай елде болсын шетелден келетін туристердің санын арттыруға бағытталған.


Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты жаңа деңгейге шығаратын құжатқа қол қоюға қарсы бір топ белсенді қалың жұртшылыққа қате ақпарат таратып жатыр.


Оның айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, азаматтар арасындағы байланыстарға, сауда-саттықты кеңейтуге айтарлықтай қолдау болады. Сондай-ақ ол қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан үшін неғұрлым көп елдермен тығыз қарым-қатынас орнату ұтымды екенін жеткізді.


- Алайда әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасты жаңа деңгейге шығаратын құжатқа қол қоюға қарсы бір топ белсенді қалың жұртшылыққа қате ақпарат таратып жатыр, – деп жазды Айбек Смадияров.


Аталған жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі келісімге қатысты қосымша ақпарат беруді жөн көрді.


Бұл келісімге қол қойсақ, Қытай азаматтары елімізге қаптап кіреді деген пікір шындыққа жанаспайды. Себебі былтыр шілде айынан бастап Қазақстан Иран, Үндістан және Қытайдың азаматтарына елге 14 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат берген. Өздеріңіз көріп отырғандай, аталған елдердің, әсіресе Қытай азаматтарының біздің көшелерде қаптап жүргенін көріп отырған жоқпыз. Бұл шара республикамыздың инвестициялық климатын және туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамыту үшін жасалған. Экономикалық тұрғыдан бұл бастама өзінің оң нәтижесін беріп жатыр.


Еліміз бен Қытай арасындағы визасыз режим, ең алдымен, Қазақстан азаматтарының көрші мемлекетке баруына барынша қолайлы жағдай тудырады. Егер бұрын тек Қытай азаматтары бізге визасыз 14 күнге кіре алатын болса, бұл келісімнен кейін олар да, біз де бір-бірімізге 30 күнге дейін визасыз бара алатын боламыз. Мысалы, Қазақстан азаматтары бүгінде визасыз, лезде Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қыдырып барып қайтып жатыр. Енді дәл солай Қытайға да бір ғана паспортпен барып келуге болады.



«Визасыз Қазақстанға келген Қытай азаматтары елімізде қалып қояды, жұмыс орындарымызды тартып алады деген пікірлер жаңсақ. Өйткені визасыз режим тек туристік және іскерлік сапарларға арналады және жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Қызмет етуге бөлек арнайы жұмыс визасын алдын ала рәсімдеу қажет. Бұрын Қытайға бару үшін визаны ашу, консулдық алымды төлеу, ұзақ кезекте тұру (кейде 2-3 айға дейін), виза рәсімдейтін арнайы компаниялардың қызметіне қомақты ақша төлеу керек еді. Ал визасыз режим енгізілгеннен кейін бұл шаралардың ешбірі қажет болмайды. Визасыз режим қай елде болсын шетелден келетін туристердің санын арттыруға бағытталған. Бұл экономикаға оң әсер етеді. Өйткені елге келген турист міндетті түрде қонақ үйде тұрады, дәмхана мен мейрамханаларда тамақтанады, көлік қолданады, жалпы айтқанда елде біраз ақша жұмсайды. Ал қытайлық туристер әлемде қалталы туристер санына жатады. Қорыта келгенде, визасыз режимнен қауіп жоқ. Біз бұдан пайда көрмесек, ұтылмайтынымыз анық. Әлемнің екінші экономикасы саналатын Қытаймен өзара тиімді саясатты жүргізу еліміздің ұлттық мүддесіне толық сай келеді», – деп түйіндеді сөзін ресми өкіл.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #Қытай #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика