2026 жылы 10 қазанда вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жаңа бағыт бойынша Airbus A330 ұшақтары аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.
Әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының арқасында жолаушылар бүкіл бағыт бойынша ғана емес, Алматы мен Прага арасында жеке ұша алады.
Жаңа бағыттың ашылуы Алматының халықаралық әуе байланысын кеңейтіп, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін саяхатшылар үшін қаланың көліктік қолжетімділігін жақсартады және келу туризмін дамытуға қосымша мүмкіндік береді.
2025 жылы Алматыға келген Вьетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артты. Жаңа бағыт Вьетнаммен туристік байланысты одан әрі дамытуға және Алматының осы елден келетін саяхатшылар үшін тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.