Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Венесуэлада түрмеден оппозиция өкілдері босатылды

Венесуэлада түрмеден оппозиция өкілдері босатылды

Әлем 09.01.2026, 09:06 287
Венесуэлада түрмеден оппозиция өкілдері босатылды
сурет: : instagram.com/vladimirvillegastv

Венесуэла билігі "біршама" тұтқынды босатқанын мәлімдеді. Олардың қатарында оппозиция өкілдері мен шетел азаматтары да бар, алайда нақты тізім әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Испания тарапы өз елінің бес азаматы бостандыққа шыққанын растады. БАҚ мәліметінше, түрмеден бұрынғы президенттікке кандидат Энрике Маркес пен Мария Корина Мачадоның жақтасы Биаджо Пильери де босатылған.

Үкімет мәлімдемесінде босатылатындар тізіміне режимнің белгілі қарсыластары енгізілгені айтылды. Олардың ішінде саясаткер Хуан Пабло Гуанипа мен құқық қорғаушы Росио Сан-Мигель бар. Сондай-ақ бірқатар ақпарат құралдары оппозиция мен халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Венесуэлада өткен соңғы президент сайлауында іс жүзінде жеңіске жеткен Эдмундо Гонсалес Уррутиидің күйеу баласы Рафаэль Тударестің де босатылуы мүмкін екенін жазды.

АҚШ әкімшілігінің халықаралық істер жөніндегі баспасөз хатшысы Анна Келли бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Венесуэлада саяси тұтқындарды босату «"президенттің ықпалын барынша пайдаланып, америкалық және венесуэлалық халыққа қатысты дұрыс қадам жасауына мысал" екенін айтты.

Foro Penal құқық қорғау ұйымының дерегінше, елде қамауда отырған саяси тұтқындар саны шамамен 800-ге жуық. Олардың едәуір бөлігі Николас Мадуроның 2024 жылы қайта сайлануына қарсы наразылықтардан кейін ұсталған. Халықаралық құрылымдар Венесуэлада адам құқықтарының өрескел бұзылуын жиі тіркеп келеді.

Құқық қорғаушы Марта Тинеоның айтуынша, тұтқындар "Геликоид" (El Helicoide) орталығынан да босатылып жатыр. Бұл мекеме қатаң ұстау жағдайларымен және билікке қарсы оппоненттерге қатысты азаптау туралы хабарламаларымен белгілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Венесуэла #оппозиция #Түрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі