ffin.kz

Венада Тоқтар Әубәкіров пен аустриялық ғарышкер Франц Фибектің бірлескен ұшуының 30 жылдығын атап өтті

Венада Тоқтар Әубәкіров пен аустриялық ғарышкер Франц Фибектің бірлескен ұшуының 30 жылдығын атап өтті Cурет: www.gov.kz

Байқоңыр – адамзат үшін ғарыш игерудің бесігі.


Венаның Техникалық музейінде Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі Аустрияның көлік, инновация және технология министрлігінің қолдауымен құрамына ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, аустриялық ғарышкер Франц Фибек және экипаж командирі Александр Волков кірген «Австромир» атты ғарыш экспедициясының 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.




Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы жылында еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров ғарыш кеңістігінде болған қазақ халқының алғашқы өкілі аталғанына да 30 жыл толады. Осы ерлігі үшін ол «Халық Қаһарманы» атағына ие болды. 
1991 жылдың 2 қазаны ғарышқа тұңғыш рет отандастарын жіберген екі ел – Қазақстан мен Аустрия үшін тарихи күн болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Байқоңыр ғарыш айлағына көптеген одақтас республикалардың басшылары және Аустрия канцлері Франц Враницкий ұшып келді.
Венада өткен іс-шараға Аустрияның Көлік, инновация және технология Федералды министрі Леонора Гевесслер, аустриялық ғарышкер Франц Фибек, (бейнебайланыс арқылы) қазақстандық ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Вена техникалық музейінің бас директоры, сондай-ақ ғарышкерлік саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Панельдік сессия барысында қатысушылар ғарышқа дайындық, ұшу, болу тарихымен бөлісіп, ғарыш саласының ең өзекті мәселелерін, оның ішінде заманауи ғарыш қызметінің қиындықтары мен ғарыш зерттеулерінің перспективаларын талқылады.




Өзінің бейне үндеуі аясында Т. Әубәкіров аустриялықтарды және өзінің әріптесі, жақын досы Ф. Фибекті экспедиция күнінің мерейтойымен құттықтап, Байқоңыр қаласында өткен дайындық, экипажбен ұзақ ғұмыр кешкен берік достық пен ғарышқа шығарып салу туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, халқымыздың қонақжайлылығы мен ақкөңілдігін ерекше атап өтіп, аустриялықтарды Қазақстанға келуге шақырды.



Қазақстанның Венадағы Елшісі Қайрат Омаров өзінің құттықтау сөзінде «Т. Әубәкіровтің ұшуы халқымыз үшін ерекше мақтанышқа айналып, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуымен қатар жүрген ұлттық сана-сезімнің қуатты серпілісінің бір бөлігі болды. Бұл ұшу еліміздің ғарышты игерудегі айрықша рөлінің көрінісі де болды, себебі Жер орбитасына барлық әлемдік ұшырулардың жартысынан көбін қамтамасыз еткен Байқоңыр – адамзат үшін ғарыш игерудің бесігі», - деді.



Қазақстандық ғарышкерлердің жетістіктері тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде халқымыздың рухын көтеріп, терең зерделеніп, есте сақталуы тиіс еліміздің жаңа тарихының айнымас бөлігіне айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында дәл осы философияны – тарихты танып, халықаралық аренада өз жетістіктерімен Қазақстанның атағын шығарған азаматтарды білу деп атап көрсетеді.
Жарияланған күні

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02