ffin.kz

Вакцинациядан бас тартқан қызметкерді жұмыстан шығара ма?

Вакцинациядан бас тартқан қызметкерді жұмыстан шығара ма? Сурет: Сrushpixel.com

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді.


Қазақстан Үкіметінің мүшелері екпе алуға қатысты жиі туындайтын сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, Қазақстан заңнамасында вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. 



«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация екпе алушының келісімімен ғана жүргізіледі», - деді  министр.



Вдеомство басшысы Қазақстан аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралу қаупі төнген жағдайда денсаулық кодексінің 104-бабының 1-тармағы бойынша ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Еуразия экономикалық одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізетінін ескерткен.



«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тиісті қаулылар қабылдайды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №67 қаулысында көрсетілген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуіне шектеу енгізілді», - дейді Серік Шәпкенов.



Аталған қаулының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері 7 күнде бір рет ПТР-тест тапсырып тұруға міндеттелген. Осыған байланысты, жұмыс беруші: а) COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған жұмыскерге қашықтықтан жұмыс нысанына көшуді ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда) құқылы; b) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан не жұмысты орындау мүмкіндігі болмаған кезде жалақысы сақталмай шеттетіледі. Бұл ретте, жұмыс беруші уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау үшін басқа қызметкерді қабылдауға құқылы болады. c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмысты күндізгі режимде жүзеге асыруға тілек білдірсе, қызметкер өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен бірге, тараптардың келісімі бойынша міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.



«Осылайша, жұмыс беруші вакциналаудан бас тартуға байланысты қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы емес. Сонымен қатар, қызметкерлер өздерінің еңбек құқықтарын қорғау үшін жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына өтініш жасауға құқылы», - деп жазылған ресми жауапта.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51