Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұзынағашты су басты

Ұзынағашты су басты

Әлеумет 20.02.2023, 15:29 996
Ұзынағашты су басты
Сурет: Almaty.tv

Тұрғындар өз баспанасын тастап кетуге мәжбүр


Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 50-ге жуық үйдің ауласын су алып, кей баспананың қабырғасы ажыраған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Қыс аяғы қыжалат болдық деген дүйім ел билік өкілдері әлі келіп көмек бермеді деп отыр. 50 мыңға жуық халқы бар Ұзынағашта бұл жағдай жылда қайталанады дейді жұрт.


Қызыл су тұрғындарды әбігерге салғалы айдан асыпты. Тіпті баспанасын тастап кетуге мәжбүр болғандар бар. Төрт баланың анасы Таңнұр Тұрлыбаева қазір пәтер жалдауыма тура келді дейді.


«Менің үйімді 4 жылдан бері су басып келеді. Үйдің іргетасы ажырап, кірпіштері ашылып, құлайын деп тұр», – дейді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Таңнұр Тұрлыбаева.


Тірнектеп тауып, қазығын қағып салған тамды сатуға да қойдым. Бірақ үйді көруге келгендер сыртынан-ақ теріс айналады дейді.



«Әкімдік бізге қалай да шешімін тауып берсін. Балаларға обал болды, кеше балам су болып келді. Киімін қашанғы кептіре береміз, балам ауыратын болды», – дейді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Құралай Пішайынова.



Ұзынағаш халқы бұл мәселені меңзеп, биліктен көмек сұрағалы да жылдар болған екен. Әкімдік өкілдері де су басқан үйлердің барын растайды. Алайда алдын алу шарасының жүргізілмеуін былай деп сылтауратып отыр.



«Осы күнге дейін тазартылмаған. Жердің беті тоң болғандықтан, техника жерді қазу жұмыстарын жүргізе алмады. Соның салдарынан осындай жағдайға тап болдық», – дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.



Бүгінде елу мың халқы бар елді мекенге облыстық құтқару қызметі, әскери қызметкерлерді қосқанда жүзге тарта жұмысшылар апаттың алдын алу үшін жұмылдырылғанын айтады ауыл әкімі.



«Әр тұрғынға төтенше жағдай туралы ескертілді. Үйлерді су басқан жоқ, тек ауланы ғана басты. Сараптама жасап жатқанымызға 15 күн болды», – деді Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков.



Бүгінде  Ұзынағаш ауылдық округі бойынша 10 шақты ірі техника, 5 мотосорғыш, 2 экскаватор арық арналарын ашуға кірісіпті. Алайда еріген қар суының мөлшері көп болғандықтан, үлгермей жатырмыз деп сендірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұзынағаш #су #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Бүгін 10:23

Елімізде алғашқы халықаралық AI-кинофестивалі өтеді

Бүгін 10:10

Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Бүгін 09:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика