Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Үздік педагог» байқауына енді жекеменшік мектеп м...

«Үздік педагог» байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады

Әлеумет 31.03.2023, 15:20 901
«Үздік педагог» байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
Сурет: ашық дереккөз

Сондай-ақ, биылдан бастап байқауды өткізу мерзімі де өзгереді.



Оқу-ағарту министрлігі «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына өзгерістер енгізіп, аталған байқауға жекеменшік мектеп педагогтерін де қатыстыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды Аlmaty-akshamy.kz.



Осы «Үздік педагог» атағын беру қағидалары өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды, - делінген құжат жобасында. 




Сондай-ақ, 25 қазан – Республика күні  және 5 қазан – Мұғалім күні болып бекітілуіне байланысты «Үздік педагог» байқауын өткізу мерзімі де өзгеріске ұшырайды. Атап айтқанда, бұрын байқаудың бірінші және екінші кезеңдері қыркүйек пен қазан айларында өткізілетін болса, енді дата сәйкесінше мамыр және тамыз айларына ауыстырылады. 


Ал жеңімпаздар анықталатын байқаудың қорытынды үшінші кезеңі қыркүйек айына белгіленген. 


Байқауға жекеменшік мектеп мұғалімдерінің де қатысатынына байланысты байқаудың бірінші кезеңінен екіншісіне өтетін мұғалімдер саны 5-тен 10-ға артпақ. Бұл ретте үміткер бірінші сынақта 100 балдың кемінде 80 балын жинауы тиіс. 


Байқаудың өзге шарттарымен осы жерден таныса аласыздар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үздік педагог #байқау #қатысады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика