Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұстаздарды ұлықтау – үлкен мәртебе

Ұстаздарды ұлықтау – үлкен мәртебе

Әлеумет 05.10.2023, 09:42 2,023
Ұстаздарды ұлықтау – үлкен мәртебе
almaty-akshamy.kz

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!». Алматыда №178 мамандандырылған лицейде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.



Салтанатты жиынға білім ордасының ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында лицей  директоры Қайратбек Шадиев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұстаз болу – жүректің батырлығы, сезімнің ақылдығы екенін жеткізді.




«Еңбектің ең үлкені – білім. Білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Білім беру саласында көптеген қиындықтар пен қызықтар кездеседі,  жауапкершілігі ауыр жүк деп санауға болады. Бірақ ол ауыртпашылық, қызықтар балалардың көзіндегі бақыт пен қуанышты  көрген кезде ұмытылып кетеді. Балалармен балаша қуанып, оларды жетістікке жеткен кезде, олардың үлкен өмірге қадам басқан кезіндегі маңызды шешімдерді қабылдауда сенің атқарған жұмыстарыңның нәтижесі ретінде қарауға болады. Ұстаз болу – адамдықтың ең асыл қасиеттерінің бірі. Сондықтан ұстаздарды ұлықтау – үлкен мәртебе»,-деді Қайратбек Шәдиев.   



Кәсіби мерекеде білім және ғылым саласына сүбелі үлес қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген педагогтар түрлі алғыс хаттар және грамоталармен марапатталды. Ұстаздық еткен, мұратқа жеткен жандар ұлықталды.



№178 мамандандырылған лицейде 1219 оқушы білім алып жатыр, 133 мұғалім жұмыс істейді. Мұндағы мұғалім-шебер, педагог-зерттеуші біліктілік санаты бойынша ұстаздар үлесі 80 пайызға жеткен. Соның ішінде 42 мұғалімнің «магистр» дәрежесі бар. Соңғы үш жылда 3 мұғалім республика көлемінде «Үздік педагог» атанып отыр.   “Үздік педагог” байқауының жеңімпаздары Г.Сләмғалиева мен Т.Сағиолданов биыл Финляндияға тағылымдамаға барды. 2016 жылы Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен байқауда лицей «Ең үздік мектеп ұжымы» атағын жеңіп алса, 2020 жылы «Ең үздік мектеп» номинациясы бойынша Алматы қаласы әкімінің 34 млн грантын ұтты.  Сонымен қатар 2021 жылы «Ең үздік кітапхана» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Өзін-өзі басқару ұйымы бойынша былтыр мектеп оқушылары үздік атанып, бірінші орын иеленді. Соңғы жетістіктердің бірі – лицей республика көлемінде «Үздік лицей» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.    



 Мерекелік шарада оқушылар да шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген мұғалімдеріне ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп, ән мен биден шашу шашты.


Эльмира Рапилова 178 мамандандырылған лицейдің


қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #Ұстаз #балалар #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 14:58

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Бүгін 14:18

Алғыс – бірліктің берік негізі

Бүгін 13:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі