AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Үштің айы – күштің айы»

«Үштің айы – күштің айы»

Өмір-өзен 01.02.2023, 20:54 1,530 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
«Үштің айы – күштің айы»
wp-s.ru

Биылғы ақпан аязы мен боранын ала келмеген секілді.  Қар еріп, жылғаларда су ағып жатыр


«Ақпан-тақпан алты күн,                                                                                                               Айғайлап соқса жеті күн...» деген бұрыннан жеткен қанатты сөз бұл айдың адуынды мінезін аңғартса керек. Ақпан жыл ішіндегі ең суық, аязы қатты ай саналған. Қазекең ақпанды «үштің  айы – күштің айы» деп бекер атамаған.


Қыстың 40 күндік шілдесі 5 ақпан күні шығады. Тас төбеге шарықтап шыққан Үркер жұлдызы төбеден ба­тысқа қарай төмендеп ауады. Осыдан кейін Арқада 30 градустан аса аяз болмайды. Бұл қытымыр күндер аяқ­талды деген cөз емес. Дауылды, бо­ранды күндер әлі біткен жоқ...



Қазекең «Құт келеді – жұт келеді» деп әрі қуанған, әрі сақтанған ақпан айының бүгін екісі. Аяздың сынғаны аңғарылып тұр. Алайда, бұл жылымық соңы қар мен жаңбырға ұласуы әбден мүмкін.



Ақпан тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқа­сынды да, шуақты күндері де алма-кезек.


Ақпанда қыс пен көктем белдеседі. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында со­ғады. Ақпан борандайды, келер нау­рыз – жылауық. Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айыры­лады. «Ақпанда күн ат адым ұзарады». Бұрынғы жұлдызшылардың ақпан айы мен «ақпан амалы» туралы осындай жорамалы бар. Өткен пайымымызда бұл туралы жазғанбыз.



Ай ортасынан ауа сырғақты қатты боран соғатын болған, осы ат құлағы көрінбейтін боранды күндерде қас­қырлардың ұйығуы (17–23 ақпан ара­сында) басталады. Дала көкжалдары боранда жұптасып, 62 күннен соң бөлтірігін өмірге әкеледі екен. Сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көнекөз қария­лар бұл амалдың атауын осы бөрілер мен сырғақты боранға байланысты «Бөрісырғақ» деп атаған. Өткен айда әлеуметтік желіде (14.01.2023) Молда­баев Жарқынәлі деген азамат осы бо­ранды амалды «Қыс шілдесінің» ішін­де 15-19 қаңтарда болады деп жазыпты. Бұл – жаңсақ мәлімет.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін 2-ші ақпан. Ай күнтізбесі бо­йынша, ақпанның – 11-і, ал қазақша ақпан айы енді 11 күннен кейін (14 ақпанда) басталады. Апта айдың басқы кезіне, яғни алғашқы он күні­не дөп келіп тұр.


Ал әрбір айдың басы мен орта­сында және соңында ауа райында өзгеріс болатыны бесенеден белгілі жәйт. Оны бұрынғы жұлдызшылар сан мәрте дәлелдеген. Бұл сәйкестік алдағы аптаның құбылмалы болаты­нын: жаңбыр да, қар да жауатынын, ашық күндер де көрініс беретінін аңғартып тұр. Біз сөз етіп тұрған аптада (2–9 ақпан аралығында) жы­лылық сақталады. Тек таңертеңгілік пен кешкі және түнгі мезгілдерде ызғар, суық жел байқалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақпан #аядар #Боран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика