Авиацияда әрбір минут маңызды. Ұшу алдында әуежайда болатын процестер реттеледі. Ал оны кешіккен жолаушылар үшін өзгерту мүмкін емес. Бұл және басқа өзекті сұрақтардың жауабын FlyArystan өзінің Telegram-арнасында толығырақ хабарлады.
Ұшақ неге күтпейді немесе рейске кешіксеңіз не болады?
Авиация саласында әр минут маңызды. Әуежайда ұшуғадейін орындалатын барлық рәсімдер нақты регламенткесәйкес бекітілген және оларды кешіккен жолаушылар үшінөзгерту мүмкін емес.
Әуежайға алдын ала келуді жоспарлаңыз
Жолдағы кептеліс, ауа райы жағдайы немесе әуежайдыңжүктемесі секілді факторлерді ескере отырып, жолаушыларға әуежайға ертерек келуге кеңес беріледі. Жолға шығу уақытын тіркеу бағанасында немесе өзінеқызмет көрсету терминалдарында ұшудан бірнеше сағатбұрын болатындай етіп жоспарлау қажет. Тіркеуаяқталғаннан кейін бірнеше минутқа кешігу де рейскеотырғызуда мүмкін емес етеді.
Тіркеудің жабылу уақыты
FlyArystan әуекомпаниясында ішкі және Қазақстаннанұшатын халықаралық рейстерге жолаушыларды тіркеу жәнетіркелген жолжүкті өткізу ұшуға 40 минут қалғандааяқталады. Шетелдік әуежайларда тіркеу ұшуға 60 минут қалғанда жабылуы мүмкін. Әрі қарай, тіркеу жүйесіжабылады және оған деректерді енгізу мүмкін болмайды. Бұл тек әуекомпаниясының ережесі ғана емес, ҚазақстанРеспубликасының авиациялық стандарттары мен заңнамасының талабы болып табылады**.
Ұшуға дейінгі рәсімдер
Тіркеу аяқталғаннан кейін жолаушылар туралы барлықақпарат тиісті бөлімдерге жіберіледі. Сол мезетпен қатарқауіпсіздіктің маңызды қадамдарына жататын ұшуға дейінгірәсімдер басталады. Бұл рәсімдердің уақыты қатаңрегламенттелген және оларды өткізуге болмайды.
Сонымен қатар, жолаушылар шекаралық бақылау жәнеұшуға дейінгі тексеру секілді бірнеше маңызды кезеңненөтеді. Ұшуға дейінгі тексеру кезінде жеке басынкуәландыратын құжаттар, қол жүгін тексеру және жекеқауіпсіздік бақылауы жүргізіледі. Әсіресе қарбалас уақыттабұл тексеру бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін уақыталуы мүмкін. Бұл рәсімнен өту міндетті жәнежеделдетілмейді, өйткені қауіпсіздік талаптары барлықжолаушыларға бірдей қолданылады. Шекаралық бақылаумен тексеруден тек бір әуекомпаниясының емес, барлықсапарға шыққан жолаушылар өтетіндіктен, қызмет көрсетужалпы кезек тәртібімен жүргізіледі.
Осыдан кейін жолаушыға ұшаққа отырғызу қақпасына(гейтке) өту қажет. Қақпа әуежайдың құрылымынабайланысты ұшуға дейінгі тексеру нүктесінен айтарлықтайқашықтықта орналасуы мүмкін. Отырғызу да қатаңуақытпен шектеледі: жолаушы ұшуға 30 минут қалғандақақпаның жанында болуы тиіс. Отырғызу аяқталған соңтрап немесе телетрап алынады, әуе кемесінің есіктеріжабылады, экипаж ұшуға дейінгі тексеруді бастап, қозғалтқыштар іске қосылады. Бұл кезеңде жолаушыларұшақтан бірнеше қадам жақындықта болса да, рейскежіберілмейді.
Тіркеуге немесе отырғызуға бірнеше минут кешігуәуекомпаниясы мен әуежайдың жоспарланған жұмыскестесін бұзуы мүмкін. Бұл кестенің артында көптегенүйлестірілген рәсімдер мен қызметтер тұр. Олар әржолаушының және бүкіл рейстің қауіпсіздігін қамтамасызетуге бағытталған, сондықтан кешіккен жолаушыныбекітілген кезеңдерден тыс кіргізу мүмкін емес.
Кестенің бұзылуы тек келесі рейстердің уақытына ғанаемес, сонымен қатар рейске қызмет көрсететін ондағанбөлімшелердің жұмысына әсер етеді. Себебі рейс кезіндетек әуекомпанияның (ұшақтар, экипаж, жердегіқызметкерлер және т.б.) ғана емес, әуежайдың да (ұшу-қонужолағы, тұрақ, трап, автобустар, тіркеу орындары және т.б.), сондай-ақ шекаралық бақылау және басқа қауіпсіздікқызметтерінің ресурстары тартылады.
Лоукостерлер үшін бұл неге ерекше маңызды
FlyArystan қолданатын лоукост-модельде рейстердіңкөбі айналымдық принципі бойынша орындалады. Бұлұшақ әуежайға қонып, небәрі 30 минуттан кейін келесірейске ұшатынын білдіреді. Мұндай қысқа уақыт аралығыәуе кемесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әуекемесінің әрбір жоспардан тыс тоқтап тұру минуты қосымша шығындарға және басқа бағыттардағы тізбектікідірістерге әкелуі мүмкін. Оның салдарынан әуежайдағыбөлінген уақыт слоттарын жоғалтуға және билеттербағасының қымбаттауына әкелуі ықтимал.
FlyArystan статистикасы
2024 жылғы деректер бойынша, әр рейске орта есеппенбес жолаушы отырғызуға келмейді. Оның ішіндекешіккендер де бар.
Жолаушы үшін кешігудің қаржылық салдары
Егер жолаушы рейске кешіксе немесе мүлде келмесе, оның әуебилеті жарамсыз болып қалады және қайтаруғанемесе айырбастауға жатпайды. Билетті басқа рейскеауыстыру ішкі бағыттарда – ұшуға кемінде 2 сағат, халықаралық бағыттарда – кемінде 3 сағат қалғанда ғанамүмкін және бос орындар болған жағдайда жүзегеасырылады.
Рейске кешікпеу үшін пайдалы кеңестер
FlyArystan жолаушыларға әуежайда кезекке тап болмауүшін ұшу алдында FlyArystan қосымшасы немесеwww.flyarystan.com ресми сайты арқылы тегін онлайн-тіркеуден алдын ала өтуге кеңес береді. Лоукостертасымалдаушы моделіне сәйкес әуежайда тіркеу мен қосымша жолжүкті рәсімдеу айтарлықтай қымбат болуымүмкін, сондықтан барлық қызметті алдын ала онлайн рәсімдеген тиімді.
Тіркеу ұшуға 30 күн қалғанда (Қытай бағыттарындағырейстерге тіркеу ұшуға 10 күн қалғанда) ашылады. Дегенмен, онлайн-тіркеуден өткен жағдайда да жолаушыұшуға 30 минут қалғанда отырғызу қақпасының алдындаболуы тиіс.
Осы ұсыныстарды сақтау барлық рәсімдерден асықпайөтуге, күйзелісті болдырмауға және сапарыңыздыуақытында бастауға көмек болары анық.
«FlyArystan» АҚ Жолаушыларды әуе көлігіментасымалдау және қосымша қызметтер көрсетуқағидаларының 4-бөлімі, 19-бабы, 19.1-тармағына сәйкес.
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауқағидаларының 19.1-тармағына және жолаушылардыңдеректерін, құжаттары мен жолжүгін бортқа кіргізуге дейін толық тексеруді талап ететін ҚР заңнамасына сәйкес.