Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ұшақ бортына құрт алып кіруге рұқсат па?

Ұшақ бортына құрт алып кіруге рұқсат па?

Мұны білген жөн 21.01.2026, 09:54 219
Ұшақ бортына құрт алып кіруге рұқсат па?
depositphotos.com

Әуе бортына құрт алып кіруге бола ма? Жалпы әуекомпанияларда тамаққа қатысты қандай ережелер бар? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Ережелер қандай?

Vietjet Qazaqstan

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатты қышқыл сүт өнімдерін, соның ішінде құртты қол жүгінде алып жүруге рұқсат етіледі.

"Олардың салмағына қатысты арнайы шектеу жоқ, ең бастысы - қол жүгінің жалпы салмағы әуе компаниясының ережесіне сай болуы керек", - деп нақтылады компания өкілдері. 

Ал қышқыл сүтті сусындарға қатысты талап қатаңырақ. Қымыз, шұбат, айран және басқа да сұйық өнімдерді ұшақ салонына алып кіруге болмайды.

"Мұндай сусындарды жүкке өткізуге рұқсат бар, бірақ олар салқындатылған күйде және өндірістік қаптамада болуға тиіс. Қаптамада тауардың штрих-коды, өндіруші туралы ақпарат көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, көлемі бір жолаушыға 5 литрден аспауы керек", - деп түсіндірді компания.

FlyArystan

Бұл әуе компаниясында сүт және қышқыл сүт өнімдерін тасымалдауға болады, бірақ қатаң шарттармен.

  • Өнімдер тек салқындатылған күйде қабылданады;
  • Тек тіркелген жүк ретінде өткізіледі (қол жүгінде болмайды);
  • Мұндай жүк Limited Release жапсырмасымен таңбаланады (яғни тасымалдаушының жауапкершілігі шектеулі).

Қаптамаға да қосымша талаптар бар:

  • Ыдыс берік, герметикалық жабылған болуы керек және көлемінің 4/5 бөлігіне дейін ғана толтырылуға тиіс;
  • Ағып кетпеуі үшін өнімді үш қабатты полиэтиленге орап,
  • Сыртынан қатты қорапқа (мысалы, картон қорап) салу қажет.

SCAT

SCAT әуе компаниясында ережелер одан да қатаң: қышқыл сүт өнімдерін әрі тіркелген багажда да, әрі қол жүгінде де тасымалдауға тыйым салынады.

Ерекшелік тек:

  • балалар тағамына,
  • және дәрігер тағайындаған арнайы диеталық тағамға ғана жасалады.

Air Astana

Air Astana ережелерінде құрт пен басқа қышқыл сүт өнімдерін тасымалдауға тікелей тыйым көрсетілмеген. Дегенмен жолаушылар тағам алып жүруге қатысты жалпы талаптарды ескеруі керек.

Мысалы, ағып кетудің және жағымсыз иістің алдын алу үшін өнім тек берік әрі бүтін қаптамада қабылданады. Қаптама кемінде үш қабаттан тұруы керек, ал бірінші және соңғы қабат міндетті түрде тығыз полиэтиленнен жасалуға тиіс.

Дайын тағамдарды тасымалдауға да шарт бар: олар сұйық қоспасыз болуы және герметикалық қаптамамен жабылуы қажет.

Сапарға құрт немесе басқа қышқыл сүт өнімдерін алмас бұрын, нақты әуе компаниясының талаптарын алдын ала қарап шыққан дұрыс. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #әуекомпания #борт #құрт #тамақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23

Иран астанасында халықаралық әуежайы өртеніп жатыр

Бүгін 12:00

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі