Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үш мың қазақстандықтың қатысуымен Әнұранға бейнеба...

Үш мың қазақстандықтың қатысуымен Әнұранға бейнебаян түсірілді

Әлеумет 15.12.2021, 11:56 1,406
Үш мың қазақстандықтың қатысуымен Әнұранға бейнебаян түсірілді
kaz.orda.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 3 мың қазақстандықтың қатысуымен Мемлекеттік Әнұранға бейнебаян түсірді. Жоба Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімін көтеріп, ел мен жерге сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қолға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бейнебаянға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі және ҚР Ұлттық Ұланының 180 сарбазы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының 120 әртісі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының 150 қызметкері және өңір жастары, студенттер, сала мамандары мен қарапайым ел тұрғындары қатысты.


Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, рухани астана - Түркістан қалаларында жүргізіліп, негізгі көрініске елордадағы «Қазақ Елі» монументі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Қазмедиа» орталығы» телерадиокешені, Алматыдағы Республика алаңы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Көктөбе» демалыс кешені, Түркістандағы «Керуен сарай» туристік кешені, Қожа Ахмет Ясауи қорық-мұражайы, Каспий теңізі мен Алматы облысының Шарын шатқалы, Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық  паркі және Маңғыстау облысының Ақеспе тауы алынды.

Әнұранды ел тұрғындарымен бірге опера және эстрада әншілері С.Байғожин, А.Жылтыркөзов. Ж. Шыбықбаев,  Н.Үсенбаева, Е. Вицинская, Т. Забирова, А. Балажанова, М. Салықов,  К. Төленбаева, О. Алтынбеков, Б. Қилымхан,  М. Анарбек,  Е. Нариманұлы орындады.

Сонымен бірге бейнебаянға ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесе АҚШ, Түркия, Ресей, Қытай елінде қызмет етіп және білім алып жүрген ел азаматтары мен осы елдердегі қандастар топтастырылды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бейнебаян түсіріліміне қолдау көрсеткені үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдіреді.


Бейнебаян корпорацияға  қарасты «Qazaqstan», «Abai tv», «Balapan», «Qazsport» телеарналары мен 14 аймақтық арна эфирінен 15 желтоқсаннан бастап күн сайын көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #әнұран #қазақстандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика