Үш күн демалыста ХҚКО-лар жұмыс істей ме?

Үш күн демалыста ХҚКО-лар жұмыс істей ме? Сурет: Vlast.kz

Ертең, 27 тамыз жұмыс күні болғандықтан, ХҚКО-лар әдеттегідей жұмыс істейді.


Ал содан кейінгі үш күн демалыста жабық болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 28, 29 және 30 тамыз күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды.



Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚКО-лар 29 тамызда сағат 9.00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бірақ сол күні "Қазпошта" тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-ларда касса арқылы мемлекеттік баж төлеу мүмкіндігі болмайды. Клиенттер мемлекеттік қызметтерді банк қосымшалары мен QR-код арқылы төлей алады.



ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.


ХҚКО-лардың әдеттегі жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.


Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:01

11:51

11:35

11:33

11:20

11:15

11:10

11:00

10:43

10:35

10:21

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40