AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Үш баласы барлар әскери жиыннан босатылады

Үш баласы барлар әскери жиыннан босатылады

Заң мен тəртіп 12.07.2024, 18:02 1,028
Үш баласы барлар әскери жиыннан босатылады
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл 3 мың қазақстандық әскери жиыннан өтеді.

Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіповтің айтуынша, 3 және одан да көп баласы бар жиынға шақырудан босатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спикердің айтуынша, әскери жиынның негізгі мақсаты – бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, сонымен қатар жұмылдыру жағдайында Қарулы күштер құрамын кеңейту үшін қажетті запастағы әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және жинақтау.

Генерал-майор Сәкен Жүсіпов 30 күнге созылатын әскери жиын жыл сайын өткізілетінін айтты. Өткен жылы оған 1500 адам қатысса, бұл жолы олардың саны екі есе артты. 

«Әскери жиынға шақырылатындар санының артуы әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау жолымен әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне байланысты. Әскери жиынға қатысу әскери міндеттілердің білімін өзектендіруге және олардың әскери істегі дағдыларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сәкен Жүсіповтың ұсынған ақпаратына сәйкес, жиынға қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрам өкілдері 50 жасқа дейін, ал офицерлер 60 жасқа дейін шақырылады. Егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, оқу жылы ішінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогтері, 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар әскери жиынға шақырудан босатылады. Одан бөлек азаматтар шақырылғанға дейін міндетті түрде медициналық комиссиядан өтуі тиіс.

Әскери жиынға шақырылған азаматтар әскерде қызмет ететін әскери қызметшілермен тең дәрежеде заттай мүлікпен, тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Әскери жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, яғни оларға орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге мемлекет есебінен ең төменгі 85 мың теңге жалақы төленеді.

Әскери міндеттілерді жиынға жеткізу және кері қарай тасымалдау Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Жиын оқу полигондарында өткізіледі. Оның барысында әскери міндеттілерді далалық лагерьге орналастырады.

Бас штаб бастығының орынбасары әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер әскери қызметші мәртебесіне ие болатынын және казармалық жағдайда тұратынын да атап өтті. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен босатуды ішкі қызмет жарғысында белгіленген ережеге сәйкес жиын бастықтары жүргізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #жиын #шақыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика