AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпаққа үлгі тұлға

Ұрпаққа үлгі тұлға

Әлеумет 12.11.2024, 16:59 1,255 Bakyt
Ұрпаққа үлгі тұлға
Сурет видео скрині

Алматы қаласындағы №157 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, танымал журналист Нұртөре Жүсіп Байтілесұлымен әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы мен мектеп басшысы Ахметова Света Ағабекқызы да қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Журналистика саласында мол тәжірибесі бар, «Сарыарқа самалы» газетінің агроөнеркәсіп журналисті болып бастап, «Ақ жол Қазақстан», «Жас алаш», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары», «AIQYN» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарған Нұртөре Жүсіп Байтілесұлының өмір жолы – жас ұрпақ үшін үлкен үлгі. Қазіргі таңда Сенат депутаты болып отырған тұлға өзінің кәсіби тәжірибесімен, туған өлкеге деген сүйіспеншілігімен және ұлт мүддесіне қызмет етудегі ұстанымымен бөлісіп, оқушыларға рухани азық берді.

Кездесу барысында Сенат депутаты туған жері, шығармашылық және еңбек жолы туралы әңгімеледі. Оқушыларға ұлттық құндылықтарды құрметтеудің, адал еңбектің, білімге құштарлықтың маңыздылығын жеткізе отырып, өзінің журналистік және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін, тәжірибелерін баяндады. Сондай-ақ, оқушылармен еркін сұхбат құрып, олардың сауалдарына жауап берді. Өзінің ғибратты әңгімесі арқылы оқушыларға өмірлік сабақ бере отырып, рухани күш-қуат, мақсатына жетуге деген талпыныс пен сенімділіктің маңызын ұғындырды.

Бұл кездесу жас буын үшін білім мен тәрбиеге толы рухани сабақ болды. Нұртөре Жүсіптің қажырлы еңбегі, елімізге деген адал қызметі мен жас ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттері оқушыларға үлкен тәжірибе жинақтауға және болашаққа сеніммен қарауға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #мектеп #кездесу #Нұртөре Жүсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика