AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Урбанизм саласындағы қазақстандық жоба халықаралық...

Урбанизм саласындағы қазақстандық жоба халықаралық деңгейде мойындалды

Білім және ғылым 09.09.2025, 17:19 727 dulatbekova
Урбанизм саласындағы қазақстандық жоба халықаралық деңгейде мойындалды
Сурет: Gov.kz

Қазіргі мегаполистер урбанизация, климаттың өзгеруі, көлік жүктемесінің артуы мен ауаның ластануы секілді кешенді сын-қатерлерге тап болып отыр. Мұндай мәселелерді шешу академиялық сараптаманы, инновациялық технологияларды және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті талап етеді. Осы саладағы негізгі халықаралық платформалардың бірі «Smart City Expo» дүниежүзілік конгресінің бөлігі – Tomorrow City Shanghai, ол тәжірибе алмасу және қаланы тұрақты дамытудағы озық тәжірибені ілгерілету үшін катализатор қызметін атқарады.

Бұл іс-шара Азия-Тынық мұхиты аймағының жетекші сарапшыларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, бизнестің және университеттердің көшбасшыларын біріктірді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан атынан форумға Almaty Management University делегациясы қатысты. Оның құрамында ғаламдық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, Урбанистика институтының директоры Зарина Даулетқан, Урбанистика институты директорының орынбасары Айнұр Жұбанова бар.

Бағдарлама аясында панельдік пікірталастар, көрмелер, инновациялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ индустрия өкілдерімен жабық кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар Шанхайдың кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан бастап стартап-хабтарына дейінгі урбанистикалық және индустриялық даму тәжірибелерімен танысты.

Университет «Green and Safe Streets» жобасын таныстырды. Жоба қалалық жоспарлау жүйесіне тактикалық шешімдерді енгізуге бағытталған.

«Алматы мысалында біз шағын тактикалық шешімдердің қалалық жоспарлау жүйесіне жүйелік тұрғыдан елеулі ықпал ете алатынын көрсетіп отырмыз. AlmaU мемлекеттік құрылымдармен және академиялық қауымдастықпен орнықты әріптестік орнатып, бірлескен зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады», – деп атап өтті Зарина Даулетқан.

Іс-шараға қатысудың нәтижесінде AlmaU Урбанистика институты халықаралық деңгейде мойындалды. «Green and Safe Streets» жобасы «Ақылды қала инфрақұрылымындағы үздік жоба» номинациясында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар «Урбанистика және сити-менеджмент» білім беру бағдарламасының түлегі Дінмұхаммед Ушпаев дайындаған Aerial Traffic & Logistics Analysis System дронына жеке марапат табысталды.

Марапаттарды Шанхай қаласының бас жоспарлаушысы, профессор және Тунцзи университетінің бұрынғы вице-президенті Ву мырза табыс етті.

«2010 жылдан кейін қоғамда айтарлықтай менталдық өзгеріс байқалды: қаланы тек қана тұрмысқа арналған кеңістік ретінде қабылдаудан оны адамға бағытталған орта ретінде түсінуге бетбұрыс жасалды. Басты назар қалалық өмір сапасы, әлеуметтік өзара әрекеттестік және тұрақты даму тұжырымдамаларына көшті. Бұл тұрғыда урбанизм қала тұрғындарының күнделікті өмірін жақсартуға бағытталған білім мен тәжірибе жүйесі ретінде қарастырылады», – деп атап өтті Ву мырза.

AlmaU өкілдері сондай-ақ emlyon жетекші француз бизнес мектебінің азиялық филиалында да болды. Кездесу барысында Шанхайдағы emlyon кампусымен ынтымақтастықтың перспективалық форматтары, соның ішінде жергілікті білім беру модульдерін ұйымдастыру және қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру талқыланды.

Бұл жетістіктер ғылыми зерттеулерді, білім беру үдерісін және инновациялық тәжірибені ықпалдастырудың тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар AlmaU-дың өзекті қалалық сын-қатерлерді шешуге арналған нақты құралдарды қалыптастыратын университет ретіндегі позициясын нығайта түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Урбанизм #қазақстандық жоба #халықаралық деңгей #мойындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);