Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұнның бағасы қымбаттады

Ұнның бағасы қымбаттады

Әлеумет 14.07.2022, 08:27 1,400
Ұнның бағасы қымбаттады
Сурет: Мusa.news

Елімізде ұнға деген сұраныс жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп отыр.


Маусым айының қорытындысына сәйкес ұн бағасы бір айда 2,8%-ға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz-ге сілтеме жасап


Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында республикамызда дәнді дақылдардан 1,4 млн тонна ұн өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық. 


Ұнды өндіретін көшбасшы өңірлердің үштігіне Қостанай облысы (481,8 мың тонна, 10,4%-ға артық), Солтүстік Қазақстан облысы (140,7 мың тонна, 19,7%-ға аз) және Шымкент қаласы (119,7 мың тонна, 16,8%-ға кем) кіреді. 


1,3 млн тонна ұсақ тартылған бидай ұны шығарылған. Мұндағы өндірістің жылдық өсімі 3,5% құрайды.


Нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін 86,3 мың тонна қоспа, 4 мың тонна ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны, бидайдан басқа дәнді дақылдардан 2,7 мың тонна ұсақ тартылған ұн өндірілген.


Елімізде ұнға деген сұраныс жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп отыр. Биылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш 99,1%-ды құрайды. 


Импорт 2,1 есеге өскен.  


Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жіберілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34,6%-ға артық. Осылайша биылғы қаңтар–сәуірде экспорт 79,2%-ға артып, ақшалай мәнде 234,3 млн. АҚШ долларына жетті. 


Ішкі нарықтағы сату бір жылда 461,6 мың тоннаға дейін немесе 18,1%-ға қысқарған. 


Отандық ұн Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан елдеріне көп жіберілді. Ал, ТМД-ға кірмейтін елдер ішінде ұнның негізгі көлемі Ауғанстанға жөнелтілді. 


Жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы – 390 тг (Шымкент), ең төменгі бағасы – 213 тг (Павлодар). Ал, бірінші сұрыпты ұнды Қонаев қаласының тұрғындары 270 теңгеге сатып алса, Петропавл тұрғындары оған 145 теңге жұмсайды.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұн #баға #қымбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.