Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Үндістанда нипах вирусы таралуда

Үндістанда нипах вирусы таралуда

Әлем 08.09.2021, 12:02 1,545
Үндістанда нипах вирусы таралуда
Сурет: Rg.ru

Үндістанда тарала бастаған қауіпті вирустан көз жұмғандар бар


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұл індетке шалдыққандардың 40-тан 75 пайызына дейін өлім құшу қаупі бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Қазір ең қатерлі аймақ Керала штаты болып тұр. Мұнда 11 науқас анықталған. Бірер күн бұрын ғана аталған аймақта нипахтан 12 жастағы ер бала қайтыс болды. Жаңа індеттің таралуына байланысты бірнеше штатта қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Эпидемиологтар ең үлкен қауіп балаларға төнуі мүмкін деп дабыл қағуда. 


Керала штатындағы ауруханада ата-аналардың зары мен балалардың жанайқайынан құлақ тұнады. Қатерлі вирус Кожикоде қаласын үрей құшағында ұстап отыр. Дәрігерлердің айтуынша, 11 науқастың халі мүшкіл. Алдында 38 адам оқшауланған еді, бүгін олардың саны 3 есе артты. Балаларын жетектеген жүздеген тұрғын емханалардың табалдырығын тоздырып жүр. 12 жастағы баланың өлімі тұрғындарын үрейін ұшырып отыр.



«Баламның температурасы жоғары болып тұр. Басы да қатты ауырады. Көршім нипахтан көз жұмған әлгі баланың ауруы да осылай басталған деп шошытып қойды», - деді Кожикоде тұрғыны Сандеш Падита. 


«Ауруханаға келген барлық адамды тексереміз, анализдерін аламыз. Бұл індетті бірден анықтау қиындау. Нәтижені Нью-Делиге, зерттеу орталықтарына жібереміз. Келгендердің көбі тұмауратып, басынан күн өтіп, басқа ауруға шалдыққандар. 3 ер адамнан коронавирус анықталды. Оларды оқшауладық», - дейді Кожикоде орталық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Лата Хемгала. 



Нипах вирусы тамақ арқылы жануардан және адамнан адамға жұғады. Әзірге одан емдейтін ешқандай дәрі жоқ. Бұл індет Керала штатында 2018-2019 жылдары таралып, біраз адам ажал құшқан болатын.


Жергілікті шенеуніктердің айтуына қарағанда, жағдай Үндістан Президентінің тікелей назарында. Үкімет індет таралған қаланы ғана емес, тұтас штатты, сондай-ақ онымен шектес 3 аймақты қатаң бақылауға алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауіп #Вирус #нипах
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика