AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Үндістанда жауын-шашын толастамай тұр

Үндістанда жауын-шашын толастамай тұр

Әлем 24.05.2022, 03:58 1,404
Үндістанда жауын-шашын толастамай тұр
Cурет: 24.kz

Бүгін Нью-Делиде жауын селдетіп, шаһарда көлік қозғалысы қиындады. Ұшақтар да ұшпады. Бірақ біраздан бері ыстықтан зарезап болған тұрғындары нөсердің құйғанын риза. Ал Ассам штатында шелектеп құйған жаңбыр соңы тасқынға ұласып, 18 адам көз жұмды. 800 мыңнан аса тұрғын баспанасынан айырылды. Аймақтың 31 округіндегі егістік алқаптар солып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.




Датта Сенапати, тұрғын: 


- Су аяқ астынан тасып, қолымызға ілінген дүние-мүлкімізді ғана алып шықтық. Қалғаны су астында қалды. Тамақ жоқ қарнымыз аш. Не істейтінімізді білмейміз. 



Бангладеште тасқыннан ондаған мың адам баспанасыз қалды 


Үндістанға көрші Бангладештің Силхет аймағында да жауын селдетіп, көп елді мекенді су басып жатыр. Жүзден астам тас жолды су бұзып, ондаған аудан бөлініп қалды. Мыңдаған адам баспанасынан айырылды. Өңірдің инфрақұрылымына орасан зор шығын келген. Су әлі қайтпағандықтан апатты аудандарға көмек жеткізу қиынға соғып отыр. 



- Ауылымыз еңісте орналасқандықтан тасқыннан қатты зардап шектік. Үйлеріміз қирап, егістігіміздің бәрін шайып кетті. 



АҚШ: елде жоқ ыстық  


Ал АҚШ-тың солтүстік-шығысында күн әдеттегіден әлдеқайда ысып кетті. Вашингтоннан бастап Нью-Йоркке дейін ондаған қалада сынап бағанасы 35 градустан асқан. Тұрғындар ыстықтан қашып, көлеңке таппай жүр. Кейбіреулер тіпті су бұрқақтарға шомылып мәз. 



- Күн өте ыстық. Менің ойымша 38 градус шығар. Шыжыған күннен біраз салқындайық деп балаларымды алып аквапаркке келдім. Қолымдағы пластмас шөлмекті аанда-санда басыма қойып салқындауға мәжбүрмін.  



Бразилияда қар жауды


Бразилияның оңтүстігінде өткен аптада күн суытып, Санта-Катарина штатында сынап бағанасы минус 5 градусқа дейін төмендеді. Кей жерлерде қар жауды. Мектептер мен университеттер жабылған. Мамандар өткен аптада басталған суық әлі де бірнеше күнге созылатынын айтады. 



Фабиу Сантос, Рио-де-Жанейро тұрғыны:


- Қазір әдеттен тыс ерекше суық болып тұр. Бала кезімде бұл аймақта күннің суытуы сирек кездесетін. Ал қазір мұндай ауа райы жиіледі. 



Канадада торнадо ойран салды  


Канаданың Онтарио провинциясында торнадо ойран салды. Табиғат апатынан 2 адам көз жұмды. Тағы бірнешеуі жарақат алды. Дүлей жел талдарды тамырымен қопарып, электр бағаналарын құлатты. Провинцияның 300 мыңнан аса тұрғыны жарықсыз қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үндістан #жауын шашын #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймағында Medeu Park Hotel ашылды

Бүгін 15:50

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

Бүгін 15:43

Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 15:38

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрлеріне депутаттық сауал жолдады

Бүгін 15:31

«Әділет» партиясының фракциясы Мәдениет және ақпарат министріне депутаттық сауалы жолдады

Бүгін 15:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);