AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ұлыбританияда ковидтен қайтыс болғандар саны 40 па...

Ұлыбританияда ковидтен қайтыс болғандар саны 40 пайызға көбейді

Әлем 22.10.2022, 12:40 1,401 Almaty-akshamy
Ұлыбританияда ковидтен қайтыс болғандар саны 40 пайызға көбейді
Сурет: Ашық дереккөзі

Соңғы уақытта ковидтен 400-ге жуық кісі өлімі тіркелген


Ұлыбританияда індет қайта өршіді. Біріккен Корольдіктің құрамындағы Англия және Уэльс елдерінде соңғы уақытта ковидтен қайтыс болғандар саны артып отыр. Елге коронавирустың жаңа толқыны келуі мүмкін деген қауіп бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық статистика басқармасының соңғы деректеріне сәйкес, соңғы уақытта ковидтен 400-ге жуық кісі өлімі тіркелген. Яғни алдыңғы апталармен салыстырғанда 40 пайызға көп. Бұл инфекциялардың қазіргі толқыны өлім-жітімнің көбеюіне әкелуі мүмкін дегенді білдіреді дейді мамандар.


Деректерге жүгінсек, Ұлыбритания бойынша вирус жұқтырғандардың саны үш есеге артып, 1,7 миллион адамға жеткен, деп жазады qazaqstan.tv.


Денсаулық сақтау мамандары ковидке қыстағы тұмау ауруы қосылып, ауруханаларда орын болмай қалуы мүмкін деп дабыл қағуда.



«Ковидке байланысты қарбаласқа толы жаз мезгілінен кейін грипп ауруы өршитін уақыт келе жатыр. Бұған денсаулық сақтау қызметінде мамандардың жетіспеушілігін қосыңыз. Сондықтан қиын кезеңдерге дайын болуымыз керек», -дейді Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметінің атқарушы директоры Аманда Притчард.



Ауруханаларға салмақ түспеу үшін шұғыл әрекет ететін арнайы топтар жасақталып жатыр. Олар жедел жәрдеммен жетіп, үйде ғана көмек көрсетеді. Қарттар үйлерінде де медицина қызметкерлері үшін мамандандырылған арнайы орталықтар ұйымдастырылмақ. Бұл жобаларға үкімет 500 млн стерлинг фунтын бөледі. Оған қоса науқастар қосымша 100 мың төсек орынмен қамтамасыз етілмек. дәрігердің бақылауындағы науқастарға 2500 виртуалды палаталар ашылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Пандемия #Ұлыбритания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);