2025-2026 оқу жылының 11-12 желтоқсанында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында өңірлік «Бабалар аманаты» байқауының жеңімпаздарын, жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен 2025 жылдың 10-11 желтоқсан күндері Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекен-жайында орналасқан «Alem» Наурызбай аудандық оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің арасында өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты» байқауы өтті.
«Бабалар аманаты» байқауының мақсаты: атаулы күндерді және мерейтой иелерінің мұраларын насихаттау, тарихқа құрметпен қарап, тағылымын дәріптеу.

Байқаудың салтанатты жабылуына Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдасанов Ерсайын Мышанұлы, ақын, PhD докторы, Қазақстан Жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының және Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі., "Аламан айтыс","Қазақстан чемпионаты" айтыстарының жүлдегері Жұмабекұлы Ержан, “Асыл домбыра” иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі, айтыскер ақын, журналист Тұрсынбай Айтбек, Педагогика ғылымдарының кандидаты, "Әдебиеттік оқу" кітабының жетекші авторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, Қабатай Бидана Тұрсынханқызы, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, PhD доктор, Әкімбек Асқар Әкімбекұлы, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үздік Ұстаз», «Үздік қызметкер» медальдарының иегері Сейталиева Карлыгаш Уриновна қатысып, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін хаттамада берілген тізімге сәйкес әр сайыс бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, естелік статуэткалармен, кітаптармен марапаттады.
1. «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысы қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада:
І орын – Муратбаев Алишер Арманович №145 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Ақбай Абай Әлиұлы №154 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын – Оспан Жүзімгүл Амантайқызы №162 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын – Шамурадова Аксауле Мамбетовна №202 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Оңғар Дина Бауыржанқызы №206 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын – Турлыбекова Айман Сагындыковна Түлкібас ауданы «Түркібасы жалпы білім беретін мектептің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2. «Айтсын деп ақиқатты тілді берген» ақындар айтысы қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай өткен іс-шарада:
І орын - Тұрсын Шынарбек Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Қонақбаев Қайырбек Әсенұлы №198 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Жеңісбек Ұларбек №211 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Жәнібек Аят, Райымбек ауданы «Көксай орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Алиев Жанболат №110 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3. «Бір шығарма ізімен» әдеби сайысы халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай өткен іс-шарада:
І орын – Қасымбай Шыңғыс Ниязбекұлы №69 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Абдумуталипова Перизат Косалиевна №178 мектеп –лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Сатпаева Амина Сакеновна №62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Ахат Дильназ Даникқызы №172 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Бибаева Назигуль Турсынжановна Еңбекшіқазақ ауданы «Қорам орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Байжакунова Лаззат Калаубайқызы №221 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. «Ғалымның хаты өлмейді» сайысы көрнекті ағартушы, тарихшы, публицист, географ, музыка зерттеуші, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткен іс-шарада:
І орын – Әуренбаева Торғын Төлегенқызы Іле ауданы №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Аймаков Бекзат Еркинулы №70 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Жүнісбек Муслима Бауыржанқызы №53 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Таңатарова Алтын Тастыбайқызы №180 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Булекбаева Айгул Жаксылыковна №136 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Синасап Нұргүл Лесбайқызы №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5. «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» сайысы қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай өткен іс-шарада:
І орын – Сапарбай Мерей Сапарбайқызы №206 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Есентүгел Асылзат Асқарқызы №211 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІ орын - Құмарбек Нұркен Алатау ауданы №218 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Елубаева Алтынай Келдибаевна №133 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Шоқыбаева Айжан Ердәулетқызы №45 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ІІІ орын - Шымырбаева Сымбат Бақытжанқызы №64 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.