конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым

Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым

Әлеумет 08.04.2025, 12:24 1,052 Bakyt
Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым
Сурет видео скрині

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тарихи-рухани кездесу өтті


Алматы қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-бөлімшесінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» атты тарихи-рухани кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Жиынның негізгі мақсаты – соғыс ардагерлерінің естеліктері арқылы жастарға бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Кездесуге қатысқан соғыс және әскери қызмет ардагерлері өз өмірлерінен сыр шертіп, жас ұрпаққа адамгершілік пен елге қызмет етудің маңызын жеткізді. Даманск оқиғасының ардагері Оңғарбек Сыдықбеков жастарды қиын сәтте де адами қасиетті жоғалтпауға үндеді:

«Жастарды Отан сүйгіштікке, білімге тәрбиелеп, қандай жағдай болса да адамгершілікті жоғалтпауды үйрету керек», – деді ол.

Ауған соғысының ардагері Дуан Умаров та өз қызмет жолынан естелік айтып, ел үшін қызмет етудің қадірі туралы сөз қозғады:

«Бізде аталарымыздың артынан жүріп, басқа елге қызмет еттік. 1973 жылы Куба аралығында болдым», – деді ол.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері мен ұйымдастырушылар жастармен ашық диалог құрып, олардың ел тарихына деген қызығушылығын оятуға тырысты. Кездесу жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі мағыналы шара ретінде өтті.

«Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» атты тарихи-рухани кездесу – батырлар ерлігі мен бейбіт өмірдің қадірін дәріптеуге арналған тағылымды шара болды. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, өткенге тағзым етіп, болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлы Жеңіс #Алматы #ардагерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Бүгін 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Бүгін 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 17:17

Алматылықтар сайлаушылар тізімінен өзін қалай тексереді?

Бүгін 17:15

Дауыс беру күні тіркелген жеріңізде болмайтын болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);