AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлтық банк BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналым...

Ұлтық банк BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Әлеумет 30.12.2022, 03:05 1,370
Ұлтық банк BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Сурет: Ашық дереккөзі

Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.


Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) BÚRKIT коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.


BÚRKIT коллекциялық монеталары туралы


Көшпенділер бүркітті батылдық пен қайсарлықты бейнелейтін қасиетті құс ретінде құрметтеді. Бүркіттің қауырсынын көшпенділер керегеге бойтұмар ретінде іліп қойған.


Номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, сондай-ақ номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиордан жасалған BÚRKIT монеталары «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясын жалғастырады. Монеталардың дизайны бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнелерін «сақтардың аң стилінде» үйлестіру арқылы жасалған.


Номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі


Монеталардың сипаттамасы:


Монетаның бет жағындағы (аверсі) орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнек ішінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан монета сарайының тауар белгісі және монеталар жасалған металды, олардың сынамасы мен массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы бар.


Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Төменгі жағында – монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN, монеталардың жоғарғы жағында соғылған жылын білдіретін «2022», төменгі бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін жазу бар.


Номиналы 5 000 және 500 теңгелік монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) – диаметрі 2 мм (5 000 теңге) және 1 мм (500 теңге) гауһар тас орнатылған бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнелерінің композициясы, монеталардың жоғарғы бөлігінде BÚRKIT жазуы көрініс тапқан.


Номиналы 200 және 100 теңгелік монеталарда – бүркіттің натуралистік және трафареттік бейнесінің композициясы, монетаның жоғарғы бөлігінде BURKIT жазуы орналасқан. Периметрі бойынша декоративті үлгіде безендірілген кең жиегі бар.


Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.


Күмістен жасалған BÚRKIT монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.


Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Монета #Бүркіт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика