AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық ұлан әскери қызметшілері чемпиондарын күтіп...

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері чемпиондарын күтіп алды

Әлеумет 06.09.2024, 18:46 810 dulatbekova
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері чемпиондарын күтіп алды
Cурет: Ұлттық ұлан

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінде көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелеткен «Динамо» спорт қоғамының спортшылары, Ұлтық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қатардағы Ислам Евлоев пен Айбек Айтбеков елге оралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Балуандарды таңғы сағат 08.20-да Алматы халықаралық әуежайынан «Динамо» спорт қоғамы, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері және спорт сүйер қауыммен бірге жерлестері әскери оркестрмен күтіп алды.


Байрақты бәсекені Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады. Қазақстан командасының құрамында Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де өнер көрсетті.
Турнирде 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ұландық жауынгер Ислам Евлоев жастар арасында әлем чемпионы атанып, боз кілемде қазақ елінің абыройын асқақтатты. Ал Айбек Айтбеков 55 келі салмақта сынға түсіп, үшінші орынды иеленді.

- Үлкен қошеметпен қарсы алып жатқан еліме, «Динамо» спорт қоғамы мен өзім борышымды өтеп жүрген Ұлттық ұлан басшылығына алғыс айтамын! Өте керемет сезімде тұрмын. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жарысқа жақсы дайындықпен бардым. Маған қолдау білдіріп, жанкүйер болған барша отандастарыма алғысым шексіз, – дейді ұландық чемпион Ислам Евлоев.
​Айбек Айтбеков.

Бұл оның әлем чемпионатына екінші рет қатысуы. Алғаш рет 2019 жылы Венгрияның Будапеш қаласында өткен чемпионатқа қатысқан болатын. 
Чемпион Қазақстан Республикасының ІІМ мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына және «Динамо» спорт қоғамының басшылығына өзіне үнемі қолдау көрсетіп, спортпен айналысуға жағдай жасап келе жатқанына алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ислам Евлоев әскери борышын Петропавлда, ал Айбек Айтбеков Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде өтеуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Әскери қызметшілер #чемпиондар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);