Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық статистика бюросы: санақты өткізу үшін 27 м...

Ұлттық статистика бюросы: санақты өткізу үшін 27 мыңнан аса планшет алынды

Әлеумет 15.06.2021, 11:29 1,641
Ұлттық статистика бюросы: санақты өткізу үшін 27 мыңнан аса планшет алынды
Сурет:Ar-Ay.kz

2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».


Ұлттық санақты өткізу үшін Ұлттық статистика бюросымен біреуі 39 603,2 теңгеден, жалпы сомасы 1 085,6 млн теңгеге техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келетін Қытайда шығарылған 27 412 дана KOUZONE MTK6592 планшет компьютері сатып алынды. Сондай-ақ, қосымша гарнитуралар – планшет қаламдары, қорғаныш тысқабы, қорғаныш шынысы, power bank алынды.


Планшеттерді интервьюерлер үй-үйді аралау кезінде мәліметтерді жинау мен тіркеу үшін пайдаланатын болады. Бұл қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, жинақтылығын арттыруға және қағаз бен кеңсе құралдарына жұмсалатын шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Онымен қоса, санақ деректерінің сапасы мен нақтылығы арттырылып, деректер сапасына адам факторының ықпалы барынша азайтылады. Планшет пен арнайы бағдарлама арқылы интервьюер сауалнаманы онда орнатылған барлық арифметикалық және логикалық бақылаулармен қоса, классификатор және анықтамалықтарды пайдалана отырып жүргізе асырады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы деректер базасына жіберіледі.


Бюрода планшеттердің ары қарай санақ аяқталғаннан кейін де қолданыста болатындығы атап көрсетілді. Олардың басым бөлігі қазақстандық мектептерге беріледі. Тағы бір бөлігі Ұлттық статистика бюросында ай сайынғы, тоқсандық, жылдық салалық бақылаулар мен зерттеулер жүргізу үшін қалдырылады.


2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта жүргізіледі. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Турксибский район #реки #очистка #мусор #Қазақстан #халық санағы #планшет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Бүгін 13:29

Дәуір тұлғасы: Қуаныш Әжмағамбетов және оның Жетісу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі

Бүгін 13:28

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»

Бүгін 13:10

«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда

Бүгін 12:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика