Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық палата сүт саласын дамыту бағдарламасын жас...

Ұлттық палата сүт саласын дамыту бағдарламасын жасауға дайын

Әлеумет 03.02.2023, 04:16 1,005
Ұлттық палата сүт саласын дамыту бағдарламасын жасауға дайын
Сурет: Е-cis.info

Алайда іс жүзінде әлі күнге импортқа тәуелдіміз. 


Қазақстандағы 30 жыл бойы сүт саласын дамытуға арналған бағдарламалар ішкі нарықты 100% қамтуға кепілдік берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.


Былтыр 400 млн долларға дейінгі сомадағы сүт өнімі сырттан келген.


Ұлттық палата сарапшылары жағдайды түбегейлі өзгертуге болады деп отыр. Ол үшін ұзақ мерзімге жоспарланған, үкіметтегі ауыс-түйіске, сыртқы факторға тәуелді болмайтын бағдарлама әзірлеуге де дайын және кәсіпкерлерден ұсыныс күтеді.



«Елімізде сүт саласының ауыл шаруашылығы экономикасындағы үлесі зор. Жыл сайын сүт саласы 500 млрд теңгеге жуық өнім өндіреді. Әрине, бұл – экономикаға қомақты үлес. Ауыл шаруашылығы – ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сүт-тауар фермалары. Оның үстіне бұл фермерлер үздіксіз дамып, саласын жаңартып отырады. Жерді ең көп пайдаланатын шаруалар. Ал, «Атамекен» қабырғасында біз оларды «нағыз патриоттар» дейміз. Өйткені сүтпен айналысу өте қиын. Жылына 365 күн үздіксіз процесс. Сүт саласындағы танымал кәсіпкер Иван Адамович Сауэр кім сүтпен айналысқысы келсе, алдымен тік тұрып ұйықтап үйрену керек деген болатын. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі, техникалық қамтамасыз ету деңгейі – бәрі жоғары деңгейде болуы керек. Жаңа технологияларды енгізу қажет. Бір орында тұрмайтын процесс. Малдың жем-шөбінің сапасы, есеп-қисапты реттеу деген өндіріске аса жауапкершілікпен қарауды қажет ететін жұмыс. Сондықтан бұл жұмысты кез келген адам дөңгелетіп әкете алмайды. Осынша қиындыққа дайын болу керек», – деп баяндады Ербол Есенеев.



Аталған бастаманы Ауыл шаруашылығы да, Үкімет те қолдап отыр.


Ербол Есенеев бағдарламаны неғұрлым ерте енгізу жоспарланғанын қосты. Себебі алдағы жылдарға даму жоспарын анықтау маңызды.



«Өңірлерге талдау жасап, тиімді жолды бекіту керек. Ғылымның шешімін талдау керек. Өкінішке қарай, ғылым бизнес қоятын талаптарға әрдайым жауап бере алмайды. Өз өндірісіміз, өз малымыз болу керек. Жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде суармалы жерлер қажет. Сондықтан сұрақ көп. Осы процеске кіріскеннен кейін әрі қарай ауқымы ұлғаяды деп ойлаймын және тек «сүтпен» тоқтап қалмайды. Ұлттық палата барлық салаға осындай даму жоспарын әзірлеуді көздеп отыр. Сондай-ақ, оған үкіметтегі ауыс-түйіс те, сыртқы факторлар да әсер ете алмайтындай болады. Бұл осы саладағы кәсіпкерлердің іс-қимылына арналған және мемлекетке осы жобаларға қатысу мүмкіндік беретін бағдарлама болады», – деп түйіндеді Ұлттық палата сарапшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сүт #палата #импорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика