AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық өнердің ұлы мерекесі

Ұлттық өнердің ұлы мерекесі

Мәдениет 26.11.2024, 15:16 969
Ұлттық өнердің ұлы мерекесі
almaty-akshamy.kz

2024 жылғы 22 қарашада Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында күйші, дирижер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаевтың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кештің шымылдығы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзіндімен ашылды. Бұл туындыны Құрманғазы атындағы оркестр мен Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы орындап, көрермендерге керемет әсер сыйлады.

Салтанатты шарада елдің танымал тұлғалары мен өнер жанашырлары қатысып, Арман Жүдебаевтың ұлттық өнерді дамытудағы еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Арман Жүдебаевқа Мемлекет басшысының Құрмет грамотасын табыстаса, Парламент депутаттары Мәулен Әшімбаев пен Ерлан Қошановтың құттықтау сөздері жеткізілді. Сонымен қатар, Ақтоты Райымқұлова, Ербол Мырзабосынов, Дархан Жазықбаев сынды лауазымды тұлғалар кештің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Кеш барысында ұлттық және әлемдік классикалық музыканың үздік туындылары шырқалды. Құрманғазының «Сарыарқа», Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет поэмасы», Михаил Глинканың «Руслан мен Людмила» операсынан Увертюра, Петр Чайковскийдің «Пляска», сондай-ақ Арман Жүдебаевтың авторлық күйі «Жетісу» орындалды.

Арман Жүдебаев дирижер ретінде өз шеберлігін паш етіп, көрермендермен ерекше байланыс орнатты. Оның зал толы көрермендердің шапалақтарын ритмге сәйкестендіруі кешке ерекше серпін берді.

Кештің айрықша ерекшелігі – музыкалық жанрлардың үйлесімділігі мен орындаушылардың кәсіби шеберлігі болды. Концертте Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Талғат Күзембаев, күйшілер Нұркен Аширов сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Кештің финалында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Арман Жүдебаевтың шығармашылық кеші ұлттық музыканың рухын асқақтатқан, өнер сүйер қауымды рухани байытқан айтулы мәдени шараға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арман Жүдебаев #музыкалық жанр #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);