Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы б...

Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы басталды

Мәдениет 17.04.2025, 12:25 1,236
Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы басталды
Сурет: Gov.kz

«Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында өтетін іс-шаралардың апталығы басталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

Ашық есік күні аясында кітапханадағы жаңартылған коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи форматтағы бұл кеңістік оқырмандардың бірлесіп жұмыс істеуіне, пікір алмасуына, білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Кітап – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, отандық әдебиетті қолдауға бағытталған тәуелсіз жоба — Mecenat.kz әдеби сыйлығы таныстырылды. Дөңгелек үстелде Эстония Елшісі Яап Ора, ақын-драматург Баянғали Әлімжанов, профессор Әсима Ишанова, жазушы Нартай Сауданбекұлы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, әдеби шығармалар арқылы ұлттық әдебиетке қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанованың «Кітап – ақыл нұры» атты шеберлік сабағы, «Айнадан/Зазеркалье» сурет көрмесі және мектеп оқушыларына арналған «Озық ой алаңы» атты book quiz ұйымдастырылып, журналист Мәншүк Шымырбайдың «Dana. The World Citizen» деректі фильмі көрсетілді.

«Ұлттық кітап» күніне орай еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері, кітап фестивальдері, көрме-жәрмеңкелер, баспагерлер және кітап дүкендерімен бірлескен жобалар ұйымдастырылды. Бұл акцияларға республика бойынша 25 000-ға жуық адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуір - Ұлттық кітап күні

Ол өткен жылы Үкімет Қаулысымен бекітілді.

Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық кітап күні #апталық #іс-шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов көше жарысына жазаны қатаңдатуды ұсынды

Бүгін 12:19

“Әскерде мені зорлады”. Threads-тағы жалған жазба авторы Астанада ұсталды

Бүгін 11:37

Қарағандыда пәтерден әйел мен кәмелетке толмаған қыздың мәйіті табылды

Бүгін 11:19

Парламент “Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы” заңды қабылдады

Бүгін 10:42

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын толық басқаруға беру ұсынылды

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика