AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық кино орталығының конкурсына 400-ден аса өті...

Ұлттық кино орталығының конкурсына 400-ден аса өтінім түсті

Мәдениет 13.03.2025, 12:00 753
Ұлттық кино орталығының конкурсына 400-ден аса өтінім түсті
Сурет ЖИ

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 444.

«2025 жылы анимациялық, деректі және ойын фильмдерінің әртүрлі санаттары бойынша біршама өтінім келіп түсті. Анимация саласында 42 өтінім берілген. Деректі-хроникалы фильмдер санатында 103 өтінім түсті. Ойын фильмдеріне келетін болсақ, 299 өтінім келген.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Орталық өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады. Кеңес құрамы 20 жұмыс күні ішінде басым тақырыптарға,  сюжеттің құрылымы мен драматургия принциптері секілді басты талаптарға назар аударып, өтінімдерді қарап шығады. Екінші кезеңде Сараптама кеңесі ұсынған жобалардың құжаттар пакеті жинақталады. Бұл ретте қате орын алса, оны түзеуге 3 күн уақыт беріледі», – деп хабарлайды Кино орталығының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінім қабылдау 5-13 наурыз  (12 наурыз сағат 23:59) аралығында жүргізілді. Бұған дейін қаңтар айында кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланды. Сонымен қатар Кино орталығы жанынан консультациялық қолдау шаралары жүргізілуде. Кино орталығының кеңсесінде жеке консультациялар, телефон қоңыраулары арқылы сұрақтарға жауап берілді, әлеуметтік желіде жаңа ережеге, конкурсқа қатысты қажетті мәліметтер жарияланып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #конкурс #Ұлттық кино орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Бүгін 11:39

Қазақстанда әскери барлау қызметінің құрылғанына 34 жыл толды

Бүгін 11:15

Алматы кітапханасында Жолдау басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:22

Абай облысының фермерлері Алматыға арзандатылған бағамен 100 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 10:16

Алматыда экономикалық мамандықтар бойынша республикалық семинар өтті

Бүгін 09:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);