AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық кино орталығы жақында бірінші кезеңнің қоры...

Ұлттық кино орталығы жақында бірінші кезеңнің қорытындысын жариялайды

Әлеумет 13.05.2024, 18:15 844 Nursok82
Ұлттық кино орталығы жақында бірінші кезеңнің қорытындысын жариялайды
Almaty-akshamy.kz

Алматыда конкурстық кезеңнің бірінші кезеңі бойынша Сараптама кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Өздеріңіз білетіндей, биыл Сараптама кеңесінің құрамы жаңарды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Кинотуындының сапасы тікелей сценарийге байланысты. Сондықтан Ұлттық кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали жиында кеңес мүшелерін алдымен жауапкершілікті терең сезінуге шақырды. 

«Конкурс кезеңдерінде әділ шешім шығаруға, ашық конкурс өткізуге атсалысу басты міндетіміз. Себебі бұл шаралар алдағы уақытта ұлттық мүддеге, ұлттық идеологияға сәйкес келетін жобалардың артуына сеп болады», – деді Құрманбек Жұмағали. 

Кеңес мүшелері  де осыны негізге алып,  күн-түн демей, келіп түскен әрбір киножобаға әр категория бойынша қорытынды берді. Өз саласында жетістікке жеткен, айтары бар мамандар алдымен сценарийлердің ішінен үздіктерін анықтап, көрерменге ой салар шығармаларды сүзгіден өткізді. Осылайша, екінші кезеңге, питчингке жіберілетін жобалардың жайы тарқатылды.

«Кез келген туындының астарында терең ой жатпаса, оның құны көк тиын. Кино түсірген кезде  де оның мазмұнын халқымыздың жан-дүниесімен, көзқарасымен, тәрбиесімен қабыстыру қажет. Сарапшылар кеңесі де анимациялық, ойын, деректі фильм бағыттары бойынша сценарийлерді қарауда осыған маңыз берді. Бұл ретте көрерменнің талғамымен санасып, күрделі тақырыптарға барған шығармалар кездескені қуантарлық», – деді Сараптама кеңесінің төрағасы, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов. 

Ұлттық кино орталығының мақсаты – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңі бойынша ақпараттар орталықтың ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #мәдениет #актер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика