Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық киім күні: «AMANAT» партиясы ұлттық дәстүрі...

Ұлттық киім күні: «AMANAT» партиясы ұлттық дәстүрімізді нығайтуда

Әлеумет 20.03.2025, 15:08 803
Ұлттық киім күні: «AMANAT» партиясы ұлттық дәстүрімізді нығайтуда
amanatpartiasy.kz

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күні атап өтіледі. Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі, қазақ халқының бай дәстүрі мен құндылықтарының жарқын көрінісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі», деп ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының қызметкерлері жыл сайын 18 наурызда ұлттық киім киіп қана қоймай, әр жұма сайын жұмысқа ұлттық киіммен келуді игі дәстүрге айналдырды. Олар туыстарын, көршілерін және достарын осы бастаманы қолдауға шақырып, ұлттық мәдениетті күнделікті өмірде насихаттауға үлес қосуда.

 

«AMANAT» партиясы ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді және тарихымызды жүйелі түрде дәріптеп келеді. Партияның саяси тұғырнамасында жазылғандай, саяси ұйым ұлттық мәдениетті, өнерді және спортты дамытуға жан-жақты атсалысуда. Партияның қолдауымен ұлттық спорт түрлерін және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Мәселен, «AMANAT» партиясының қолдауымен дәстүрлі ат спортының жандануына және кеңінен насихатталуына ықпал ететін «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, партияның тікелей қатысуымен жыл сайын ұлттық спорт саласындағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған «Алтын тұғыр» сыйлығы өткізіледі. Халық ауыз әдебиетін сақтау және дамыту мақсатында тұрақты түрде өңірлік және республикалық деңгейде ақындар айтысы ұйымдастырылады.

«Жастар Рухы» жастар қанаты өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрімізді сақтау және насихаттау жобаларына белсенді түрде тартып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық киім #Аманат партиясы #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика