ffin.kz

Ұлттық жобаға – отандық жиһаз, Алматыда «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді - жаңалықтар дайджесті

Ұлттық жобаға – отандық жиһаз, Алматыда «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді - жаңалықтар дайджесті Сурет: Ақорда кz

Қазақстандағы шетелдік 42 мыңнан астам кәсіпорынның 19 мыңы ресейлік


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Астанаға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты


 


Қытай қазақстандық ет өндірушілердің өнімдерін қабылдауға дайын


Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Бейжіңде ҚХР Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Сунь Юйнинмен келіссөз өткізді.


«Біз сондай-ақ салқындатылған ет өнімдерінің, термиялық өңделген ет өнімдерінің, құстың еті мен субөнімдерінің, тағамдық жұмыртқалардың, жылқы етінің және басқа да тауар түрлерінің экспортына қойылатын талаптарды келісу бойынша жұмысты бастауға дайынбыз», — деді кездесу барысында Қазақстан Сауда министрлігінің басшысы.


 


Алматылықтар енді тазалық сапасына қатысты өтініштерін жаңа арнаға жолдауға мүмкіндік алды


Алматының тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын жаңа арна іске қосылды. Мына +7 706 689 88 98 Whats Арр нөміріне қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды және қаланың қоғамдық пайдалану орындарын тазалауға ұсыныс немесе шағым жібере алады. Арнаның жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.



Алматыда «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді


Алматыда 12 қарашада «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді Жарысқа 15 жастан бастап барлық ниет білдірушілер қатыса алады, олар үшін 10 шақырым және 5 шақырым екі қашықтық скандинавиялық серуендеу ұсынылады. 2200 қатысушы жарысқа шығады деп жоспарлануда.


 


Ұлттық жобаға – отандық жиһаз


Жаңа форматтағы мектептерге барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады.


ҚР Үкіметі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді


 


Алматылық дәрігер қант диабетіне әкеп соқтыратын факторлар туралы айтты


Дәрігерге уақытылы қаралып емделмеген аурудың бәрі қауіпті. Оның ішінде қант диабеті де бар. Жылда 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді. Осы орайда №7 қалалық клиникалық аурухана емханасының эндокринолог-дәрігері Айдана Жолдасова не дейді?



Eolus қаржы пирамидасы азаматтарға 259 миллион теңге шығын келтірген


Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген. Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 миллион теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген. ҚМА Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеді.


 


Қаланың коммуналдық қызметтері су басудың алдын алуда


Жауын  10 қарашаның таңына дейін жауады деп болжануда. Осыған байланысты, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 39 кезекші бригада, 184 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпалар және 804 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1850 қап құм жиналды.


 


Алаяқтарға алданып қалмаңыз!


Казіргі уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенділік танытып, «Каспий банктің мобильді қосымшасы» арқылы жалған хабарламалар жіберіп жатыр. Салық міндеттемесін орындау туралы мына мазмұндағы ақпарат таралып жатыр: «Төлеу» қойындысымен «Салық берешегін төлеу үшін шот қойылды». Оны басқан кезде салық төлеушілердің банктік шоттарынан қаражат төлемдер растаусыз ақша есептен шығарылады.


 


Елімізде мыңнан аса вандализм дерегі тіркелді


Елімізде 25 мыңнан астам тарихи нысан бар. Оның 12 мыңнан астамы ескерткіш. Бүгінде тәртіп бұзушылар 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. 160 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Депутат мәдени мұраны қорлағандарға бұл жаза аз деп есептейді. Әрі тәртіп бұзушылар азаймай тұр. Жыл басынан бері елімізде 1200-ден аса вандализм фактісі тіркелді.


Алматыны "Ақтөбе бояулары" әрледі


Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ақтөбе облыстық өнер музейінің қорынан және қала суретшілері шығармаларынан құралған «Ақтөбе бояулары» атты көрмесі ашылды.



 


Көру қабілеті нашар азаматтарға арнайы оқу жабдықтары орнатылды


А.П.Чехов атындағы орталық, Alatau Creative Hub, Қазақстан Жазушылары кітапханасы және №4 филиал сынды қала кітапханалардың төрт филиалында зағип және көзі нашар көретін оқырмандар үшін мамандандырылған оқуға арналған орындар құрылды. Мұнда осы санаттағы азаматтардың білім алуына, оқуына толықтай қолжетімді бірегей техникалық жабдықтар бар.


 


Елімізде 300-ге жуық пульмонолог дәрігер жетіспейді


Денсаулық сақтау вице-министрі Александр Дудниктің мәліметі бойынша, өкпе дерті күн өткен сайын жасарып келеді. Коронавирустан кейін асқынып, өлімге әкелетін аурулар ішінде 2-ші орында тұр. Осы мәселеге орай, Елорданың 3 ауруханасында науқастарға тегін кеңес беріледі. Әрі жетекші мамандардың қатысуымен консилиумдер өткізіледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32