AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарады

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарады

Әлеумет 23.12.2022, 07:49 1,150
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар  шығарады
Сурет: ҚР ҰБ

Монета Koshpendi Sadagy деп аталады.


Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҰБ мәліметінше, Koshpendi Sadagy коллекциялық монеталары күмістен (алтын жалатылған) жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 миллиметр, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана.



«Koshpendi Sadagy монетасының реверсінде садақ атып тұрған көшпенді жауынгердің бейнесі орналасқан. Ал монетаның жоғарғы бөлігінде көшпенділер қаруының символы ретінде ұшып бара жатқан жебелер көрсетілген. Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Бұл қорғаныс қалқанының аллегориясын білдіреді. Елтаңбаның айналасында ою-өрнек пен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі және монета номиналының, дайындау металының, сынама мен массаның белгілері орналасқан», - делінген хабарламада.



Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банктік шоттарға аударуға және еліміздің барлық банктерінде аудару, айырбастау үшін олардың атаулы құны бойынша қабылдануға міндетті.


Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБК сапа сертификаттары бар кәдесый қаптамасында шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстандық теңге сарайында жасалған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Монета #коллекция #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);