конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен Алматы айналма жолының жұмыс барысы тексеріл...

Үлкен Алматы айналма жолының жұмыс барысы тексерілді

Әлеумет 25.07.2022, 08:04 1,408
Үлкен Алматы айналма жолының жұмыс барысы тексерілді
Сурет: Baq.kz

Айналма жол бойында динамикалық өлшеу жүйесі (WIM) қолданылатын болады.


Республикалық маңызы бар жол құрылысы нысандарын тексеру аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Үлкен Алматы айналма жолына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


I А техникалық санаттағы автожолдың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды. ҮАААЖ жобасын «Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплан – Корея Экспрессвэй» түрік-корей консорциумы жүзеге асыруда.



«Бірінші кезекте, ҮАААЖ құрылысының мақсаты қала көшелерін транзиттік көліктен түсіру болып табылады. Оны жобалау кезінде, әлбетте, алматылықтардың пікірі ескерілді. ҮАААЖ азаматтарға ыңғайлы болу үшін салынуда. Қазіргі уақытта барлық ұзындықта толық ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау біздің министрліктің ерекше бақылауында», - деп атап өтті вице-министр.



Жұмыс сапары барысында Алмаз Ыдырысов Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовқа бірқатар тапсырма беріп, жергілікті маңызы бар жолдар желісі үшін жауапкершілік әкімдіктің мойнында екенін еске салды. ҚР ИИДМ вице-министрі ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі жұмыстарды аяқтау мақсатында құрылыстың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.


Айта кетерлігі, айналма жол бойында динамикалық өлшеу жүйесі (WIM) қолданылатын болады. Аталған технология көліктің салмағы мен өлшемдерін толық тоқтаусыз өлшеуге мүмкіндік береді. ҮАААЖ негізгі пайдаланушылары ауыр салмақты транзиттік көлік құралдары болатындығын назарға ала отырып, автоматтандырылған өлшеу жүйесін енгізу автожолды пайдалану мерзімін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермек.



Қазіргі уақытта құрылыс нысанында 1652 адам мен техниканың 541 бірлігі жұмылдырылған. 51 шақырымда жер жұмыстары орындалды, 52 шақырымда төменгі қабат төселіп, 10 шақырымда қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон жабынынан жоғарғы қабат салынды.


Бұл жобада қиыршық тасты-мастикалық асфальт оның өнімділігі мен тозуға төзімділігіне байланысты қолданылуда. Әлемдік тәжірибеде ол қозғалыс қарқыны жоғары жолдарда берік жол жамылғысы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол, әсіресе, жаздың ыстық мезгілінде, жолтабандарға қарсы өзінің тиімділігін дәлелдеді.


Бұдан бөлек, көпірлер салу жұмыстары 96%-ға орындалды. Электрмен және газбен жабдықтау желілерінің 179 данасы шығарылды. Сондай-ақ, 106 су өткізу құбыры салынды. 


Мамандардың есептеуінше, Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы мегаполис көшелерін 60%-ға жеңілдетіп, экологиялық жағдайды жақсартпақ. Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылға көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #Алматы #Сапа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Бүгін 16:28

Ендігі чемпион қай ауылдан шығады? AUYL SPORT жаңа маусымын бастады

Бүгін 16:27

Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

Бүгін 16:21

Президент үздік педагогтерді мемлекеттік наградамен марапаттады

Бүгін 16:15

"Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі" – Тоқаев

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);