Бұл елдегі қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттарын қолдауға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Шектеуді 2026 жылғы жергілікті өнімді өңдеу және сату кезеңінде енгізу ұсынылған.
Қант импортының күрт өсуі мен шетелдік өнім бағасының төмендеуі осы шешімге себеп болған. 2026 жылғы қаңтар–шілде аралығында Қырғызстанға 66,9 мың тонна қант импортталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.
Қанттың негізгі жеткізушілері – Бразилия (29,96 мың тонна), Ресей (21,23 мың тонна), Әзербайжан (8,63 мың тонна), Қазақстан (3,86 мың тонна) және Беларусь (2,03 мың тонна).
Билік импорттың көбеюі жергілікті өнімге сұранысты азайтып, қант қызылшасын өсіретін шаруашылықтардың табысына кері әсер етуі мүмкін деп есептейді.
Ұсынылып отырған тыйым Қырғызстан арқылы транзитпен өтетін ақ қантқа, кері экспортқа, «экстра» санатындағы қантқа және шектеу күшіне енгенге дейін жөнелтілген жүктерге қолданылмайды.