Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұландықтар Капшағай жағажайында пышақ жалаңдатып ж...

Ұландықтар Капшағай жағажайында пышақ жалаңдатып жүрген ер адамды ұстады

Әлеумет 29.08.2024, 09:00 1,418
Ұландықтар Капшағай жағажайында пышақ жалаңдатып жүрген ер адамды ұстады
aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері Қонаев қаласының жағажайында пышақ алып жүрген ер адамды құрықтады.
​

Оқиға 27 тамызда кешкі сағат 18.10 шамасында болған. Қызметте жүрген әскери жасаққа жас жігіт келіп «Маями» демалыс орнының аумағында қолында пышағы бар ер адам тұрғындарға балағат сөздер айтып жүргені туралы хабарлаған.
Оқиға орнына келген әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрайдар Батырбай, патрульші жауынгерлер қатардағы Нұрлыбай Әбжаппар мен Досымжан Құралбек қоғамдық тәртіпті бұзып, өзін агресивті ұстаған азаматты байқайды. Ол сол маңдағы адамдарға қоқан-лоқы көрсетіп, тіл тигізген. Қорғаныстың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген жасақ шапшаң әрекет етіп, бұзақының қолындағы пышағын қағып жіберген, іле қолын артқа қайырып, күдіктіні тырп еткізбеді. Ал қолындағы ас үй пышағы тәркіленді.

“Біз өзін агрессивті ұстап, адамдарға балағат сөз айтып жүрген ер азаматты байқадық та, соған қарай бардық. Ол қолындағы пышағын жалаңдатып, жан-жағына сілтей бастады. Өзіне ешкімнің жақындамауын талап етіп, балағат сөздер айтып айқайлады. Біз дереу ол азаматты қолға түсіру үшін әрекет жасадық, себебі ол айналасына қауіп төндірді. Жекпе-жек ұрысының тәсілдерін пайдаланып ақыры біз оны ұстадық”, - дейді қатардағы Нұрайдар Батырбай.

Ұлттық ұлан сарбаздары 1985 жылы туған адамды одан әрі тексеру үшін Қонаев қаласы ІІБ полиция қызметкерлеріне табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #әскер #ерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика