AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет халықтың табысын арттырудың арнайы бағдарла...

Үкімет халықтың табысын арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеп жатыр

Әлеумет 18.02.2022, 07:14 1,068
Үкімет халықтың табысын арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеп жатыр
Сурет: Bearingpoint.com

Инфляция деңгейін төмендету маңызды. 


Қазақстандықтардың табысын арттыруға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кәсіпкерлікті дамыту - Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында айқындалған жаңа экономикалық бағыттың бірі. Жоспарда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнеске қатысты карантиндік шараны жеңілдетуді қайта қарады. Сондай-ақ тарифтерді, оның ішінде көлік және логистика саласындағы табиғи монополистердің қызметтеріне төмендету шарасы қабылданды», - деді Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет қаңтар айындағы оқиғалар барысында шағын және орта бизнеске келген мүліктік зиянды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.



«Халықтың табысын арттырудың арнайы бағдарламасы әзірленуде. Оның ішінде жұмыспен қамту ісін жалғастыру, индустриялық және ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыру жоспары бар. Сонымен қатар өндірісті технологиялық жаңғырту, халық кірісіндегі теңгерімсіздікті теңестіру және адами капиталды дамыту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр. Халықтың табысын арттыру үшін де, бизнесті табысты жүргізу үшін де инфляция деңгейін төмендету маңызды», - дейді ол.



Сондай-ақ, Үкімет басшысы жаһандық пандемияға байланысты әлем елдерінде инфляцияның өсуі сақталып тұрғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #Қазақстан #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);