AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет басшысы 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтау...

Үкімет басшысы 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырды

Әлеумет 26.01.2023, 12:20 1,072 Almaty-akshamy
Үкімет басшысы 5G енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырды
Сурет: Ашық дереккөз

Премьер-Министр республикалық және жергілікті автожолдарды интернетпен қамтуды тапсырды


Премьер-Министр Әлихан Смайылов елімізде интернет және байланыс сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бағдат Батырбекұлы, сапалы интернет және ұялы байланыспен қамтуға қатысты наразылықтар мен шағымдар туралы жақсы білесіз. Сапалы байланыс қалалық жерлерде де болмай жатады. Қазір бәрін ұялы телефонның көмегімен алуға болады. Кейде интернеттің дұрыс болмауынан мүмкін болмай жатады. Бұл мәселені шешу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңір (қала, аудан, ауыл) сапалы ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.



Сондай-ақ, Премьер-Министр республикалық және жергілікті автожолдарды интернетпен қамтуды тапсырды.



«Министрлік ұялы байланыс пен интернеттің сапасына талдау жүргізуі қажет. Соның негізінде тиісті іс-шаралар әзірленіп, ол «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде қабылдануы тиіс. Бүгінде елімізде 5G ұялы байланысын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Аталған жұмыс 2027 жылы аяқталуы керек», - дейді ол.



Үкімет басшысы өңірлерде 3G және 4G байланыс стандарттарын одан әрі дамыту маңызды екенін еске салды.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу 92%-ға дейін жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#5G #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Бүгін 18:32

Өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:29

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

Бүгін 18:26

Мәдениет шамы сөнбесін

Бүгін 17:36

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);