AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Білім және ғылым 28.04.2026, 09:30 261 yakiya
ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарына түсуге арналған жаңа тест не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізу жоспарланып отыр.

"Жаңа тесттің артықшылығы – оны шетелдік университет филиалдары да қабылдай алады. Ол ETS атты жетекші компанияның көмегімен әзірленіп жатыр. Тесттің атауы – AIT (Admission Insight Test). Оның сапа стандарты мүлде басқа. Біз білім мен тұлғаны бағалаудың соңғы жетістіктерін осы тестке біріктіріп отырмыз. Бұл өте қызықты тест болады. Талапкердің жеке қасиеттері – құндылықтары, көшбасшылық қабілеті, бастамашылдығы да ескеріледі", – деді ол.

Болашақта жаңа тест ҰБТ-ны толықтай алмастыруы мүмкін. Бұл процесс шамамен 5 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар 2027 жылдан бастап ҰБТ тапсыру форматы да өзгереді. Егер қазіргі кезде оқушылар жылына бес рет тест тапсыра алса, оның екеуі грантқа түсу үшін қолданылса, келесі жылдан бастап ережелер қайта қаралады.

"Келесі жылы негізгі ҰБТ тек бір рет тапсырылады. Қатарынан баламалы тестті де тапсыруға мүмкіндік болады. Соңғы бес жылдағы талдау көрсеткендей, пробалық тест – ең маңызды мүмкіндік. Бірінші және екінші тапсыру арасындағы айырмашылық өте аз және ол қосымша нәтиже бермейді. Ал пробалық тесттер арқылы оқушылар өздерінің күшті және әлсіз тұстарын анықтай алады", – деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сахна сыртындағы құпия мен премьерадағы аншлаг: Cirque du Soleil-дің OVO шоуы Алматыдағы гастролін қалай бастады?

Бүгін 14:18

Алматы донорлары күн сайын шамамен 120 адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі

Бүгін 14:10

Алматыда Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм күндері өтіп жатыр

Бүгін 12:19

Жаңа Конституция: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Бүгін 12:01

Қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылды

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);