AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Уақытылы қар күремеген ПИК пен МИБ басшыларына айы...

Уақытылы қар күремеген ПИК пен МИБ басшыларына айыппұл салынады

Әлеумет 28.11.2021, 13:12 1,413
Уақытылы қар күремеген ПИК пен МИБ басшыларына айыппұл салынады
Cурет: Elorda.Info

52 қызмет көрсетуші ұйымға қатысты 142 КПТҮ бойынша шара қабылданды


Елордада қарды уақытылы күремегені және шығармағаны үшін қызмет көрсететін 52 ұйымға қатысты 142 көппәтерлі тұрғын үй бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді. Жалпы саны 360 ПИК пен МИБ басшысы тиісті ескерту алды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Елорда аумағын абаттандыру ережелеріне сәйкес, кондоминиум объектісін басқару органдары – ПИК, МИБ санитарлық тазартуды, оның ішінде үйдің периметрі бойынша бес метр шекарадағы іргелес аумақтың қарын күреуді қамтамасыз етуі міндетті.


Елордада аудан әкімдерінің аппараты қаланың жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясы өкілдерімен бірлесіп қардан тазалау бойынша мониторинг жүргізуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 52 қызмет көрсетуші ұйымға қатысты 142 КПТҮ бойынша шаралар қабылданды – бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 360 ұйымның басшысы тиісті ескерту алды.


Қызмет көрсететін ұйымдарға қатысты берілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қабылданатын болады. Қарды уақытылы жинамағаны үшін ПИК пен МИБ басшыларына 87 510 теңгеден 291 700 теңгеге дейін айыппұл салынады. Осыған ұқсас бұзушылыққа жол берілген жағдайда, айыппұл мөлшері 116 680 теңгеден 875 100 теңгеге дейін өсуі мүмкін.


Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында қарды уақытылы аршу мәселесі қала әкімдігінің ерекше бақылауында.


Айта кету керек, елорданың коммуналдық қызметтері қысқы кезеңнің басынан бастап күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #тазалық #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);