AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / ТЖМ ескертеді!

ТЖМ ескертеді!

Мұны білген жөн 07.07.2026, 10:10 420
ТЖМ ескертеді!

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік пен өрттің алдын алу ережелерін қатаң сақтауға үндеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдындарында болады.

Төтеншеліктер осыған байланысты әрбір азаматты судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

ТЖМ су айдындарында мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және ересектердің бақылауынсыз суға түсірмеу;

  • шомылуға тыйым салынған немесе арнайы жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ "Шомылуға болмайды", "Сүңгуге болмайды", "Қауіпті! Иірім" белгілері қойылған жерлерде суға түспеу;

  • алкогольдік ішімдік ішкен күйде шомылмау;

  • қалқымалы белгілерден (буйлардан) асып жүзбеу;

  • қайықтар мен өзге де шағын жүзу құралдарына жақындамау;

  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеу;

  • жүзуге арналмаған заттарды пайдаланып суға шықпау;

  • қайықтан, катерден, пирстен, жартастан және суға секіруге арналмаған басқа да нысандардан суға секірмеу.

"Осы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі", – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары кезеңде министрлік орман және дала алқаптарында от көздеріне ерекше сақтықпен қарауға шақырды.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

  • орман мен ашық аумақтарда от жақпау;

  • жанған сіріңке мен толық сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау;

  • табиғат аясында шыны ыдыстарды қалдырмау, өйткені күн сәулесі шыны арқылы шоғырланып, құрғақ шөптің тұтануына себеп болуы мүмкін;

  • өрт байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Бүгін 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Бүгін 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);