Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Тырналар» қайда ұшты екен...

«Тырналар» қайда ұшты екен...

Әлеумет 08.10.2024, 14:53 2,292
«Тырналар» қайда ұшты екен...
Сурет видео скрині

Алматы прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеруге қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Ұлттық фильмдердiң қаржысы тиiмсiз игерілгені анықталды. 2019-2021 жылдар кезеңінде «Выбор» кинофильміне 500 миллион теңге бөлінді. Алайда аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады», - деп мәлімдеді прокуратура.

«Кинематография туралы» Қазақстан заңының 12-бабы, 1-тармағына сай, мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады. Оның үстіне, аталған фильмге прокаттау куәлігі алынбаған, бұл заңға қайшы келеді.

Мемлекет заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20 пайызын алу мүмкіндігінен айырылған.

Сонымен қатар 421 миллион теңгеге қаржыландырылған «Тырналар» фильмі прокатқа шыққан жоқ.

«2019 жылдан бастап фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілмеген, ол елдің барлық кинотеатрларында кинокөрсетілімдер мен сатылған билеттер бойынша, сондай-ақ фильмнің бюджеті бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік берер еді», - деп мәлімдеді Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қадағалау актісі бойынша мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #бюджет #игеру #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика