AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Түзел, тік тұр!»

«Түзел, тік тұр!»

Әлеумет 07.05.2023, 04:47 1,686 Аlmaty-akshamy.kz
«Түзел, тік тұр!»
сурет: polisia.kz

Алматыда полиция күштерінің сап түзеуі өтті


Алматыда полиция күштерінің сап түзеуі өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шараға патрульдік полиция полкінің, мамандандырылған батальонның нарядтары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты,


Саптық байқаулар әрбір полиция қызметкерінің келбеті жинақы және ұқыпты болуы үшін, қызметкерлердің киім кию ережелерін сақтауы үшін өткізіледі.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жапсырмалар мен эмблемалардың дұрыстығына, қызметтік куәлікке, шаш үлгісі мен тиісті аяқ киімнің болуына, сондай-ақ автокөлік пен техникалық құралдардың жай-күйіне ерекше назар аударды.



«Қаладағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау сіздерге қылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Арыстанғани Заппаров.



Сонымен қатар саптүзеуде қызметкерлер түрлі құқық бұзушылықтар бойынша бағдарларды және командирлердің нұсқауларын тыңдады.


Ведомстволық талаптарға сәйкес, полицияда саптық байқаулар жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде, яғни жылына екі рет өткізіледі. Бұл жеке құрамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға дайындығын тексеру үшін қажет. Өңірлерде мұндай саптық байқаулар ауа райына байланысты әртүрлі уақытта өтеді.


Әрбір полиция қызметкерінің келбеті жинақы және ұқыпты болуы керек. Қызметкерлер киім кию ережелерін сақтауы тиіс. Себебі тәртіп осыдан басталады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы полициясы #7 мамыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);