Партиялық тізімдердің тіркелуі жойылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бүкіл партиялық тізімнің елу пайызынан астамын құрайтын адамдар партиялық тізімінен шыққанына байланысты төмендегі партиялық тізімдердің тіркелуі жойылғанын хабарлайды:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының партиялық тізімі;
2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының партиялық тізімі.