AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "...Тұз сасыса, не себесің?"

"...Тұз сасыса, не себесің?"

Әлеумет 02.10.2024, 19:08 1,566 yakiya
"...Тұз сасыса, не себесің?"
Сурет: Neonomad.kz

Атырау мешітінің қызметкерлері имамның үстінен арызданып жатыр.

Атырау қаласындағы "Құспан Молда" мешітінің қызметкерлері имам Эммат Ғұмаровтың үстінен арызданып, журналист Ораз Әлімбекке хат жазған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар мешім имамының теріс қылықтары туралы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Өтпеновке қаншама рет арызданса да, осы уақытқа дейін оған байланысты ешқандай шара қолданылмай отырғанын айтады.

«Төмендегі арызда айтылған айыптаудың рас яки өтірігін білмедім. Мүфтият қалай да жамағаттың жанайқайына назар аударып, осы арыз бойынша тексеру жүргізуі тиіс. Себебі, мешіт имамын тағайындау Бас мүфтидің бұйрығы бойынша жүзеге асады. Ал менің қолымда тұрған не бар?!. Мен Ақиқат пен Әділдік іздеген жалаңаяқ журналистің бірімін ғой», – деген мешіт жамағатының хатын жариялаған журналист.

Оның айтуынша, Эммат Ғұмаров өзіне лайықсыз, бірақ дін арқылы пайда табатын мешіт мінберін сақтап қалу үшін мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресі мен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады.

Атыраулық кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында әбден байыды, соның арқасында үйір-үйір жылқысы, жүздеген түйе мен сиыр-қойы бар.

Сонымен қатар Эммат Ғұмаров Құранды тәжуид бойынша қате оқиды, діни білімі өте нашар.

Ең сорақысы тәнін сататын жеңілтек қыздарға барып, боди массаж жасатып, жыныстық қатынасқа түсетінін дүйім жамағат біледі.

Дінімізде тиым салынған темекі, насыбай, анаша да шегеді.

Өзі құдды бір имам емес, театрда қызмет жасайтын сайқымазақ секілді үнемі былапыт-көргенсіз анекдоттар айтады.

Эммат Ғұмаров 30-жыл бойы елді сорлатып, сәләфизмнің Қазақстанда таралуына мүдделі Нұрсұлтан Назарбаевты үнемі мадақтауын тоқтатқан емес.

«Құрметті Ораз аға! Сіз дәстүрлі дінімізді жемқор және аморальды имамдардан мейлінше қорғап жүрген Қазақстандағы жалғыз журналистсіз, осы жанайқаймызды дүйім халыққа жариялауыңызды өтінеміз. Құрметпен: "Құспан Молда" мешітінің бір топ жамағаты", – делінген хатта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#имам #Атырау #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика