AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Түрменің өз тәртібі бар

Түрменің өз тәртібі бар

Заң мен тəртіп 23.05.2023, 04:16 1,190
Түрменің өз тәртібі бар
Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері Алматыдағы түрмеге 24 адам  тыйым салынған заттарды тасымалдаған


Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға пайдалануға тыйым салынған заттарды жасырып немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттенген адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады, ескерту жасалады немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттері үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады немесе 30 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алынады.


Осындай жазаларға қарамастан, жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №72 мекемесінде тергеу-қамауындағылар мен сотталғандарға тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген 24 адам ұсталды. Оның ішінде 4 әйел адам бар. Аталған фактілердің ішінде 14 факт №72 мекеменің фронт-кеңсесі арқылы өтпекші болғандардан анықталды. Бір өкініштісі, құқықбұзушылардың арасында 8 қоғамдық қорғаушы, 1 адвокат бар.


Сондай-ақ сотталғандармен және тергеу қамауындағылармен қысқамерзімді кездесуге келген 5 адамның да осындай заңсыздықтары анықталды. Соңғы кезде тыйым салынған заттарды пошта арқылы жіберетіндер де кездесуде. Атап айтқанда олар 14 телефон, 34 500 теңге, 1,5 литр спирттік ішімдік, 11 басқа да заттарды (SIM-карта, USB-шнур, қуаттағыш құралы) өткізуге әрекет жасаған. Мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізбекші болғандардың барлығына хаттама толтырылып, Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тыйым салынған заттар #тасымалдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);