Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні қуа...

Түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні қуантады - Анна Торосян

Әлеумет 05.09.2021, 08:34 1,261
Түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні қуантады - Анна Торосян
Cурет: Vecher.kz

Тілдер мерекесі Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.


Мені жас буынның өкілі ретінде түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні қуантады, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Алматы қаласы бойынша мүшесі Анна Торосян. Бұл пікірімен ол Тілдер мерекесіне арналған құттықтауы барысында бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Адамзат қанша ғұмыр сүрсе, тіл де жер бетінде сонша өмір сүреді. Бірнеше жылдар бойы ұжымдар тілдерді қалыптастырды, олардың көмегімен адамдар осы күнге дейін бір-бірімен сөйлесе алады және қарым-қатынас жасай алады, өз ойларын, сезімдері мен тілектерін білдіре алады.



«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында өзінің көп ғасырлық тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, сондай-ақ өз тілі бар 120-дан астам түрлі этнос өкілдері тұрады. Еліміздің әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу, сондай-ақ шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Алматы қаласы бойынша мүшесі Анна Торосян.



Анна өзі армян этносының өкілі, бірақ ана тілінен басқа, ол қазақ және орыс тілдерін біледі.



«Менің замандастарым біздің мемлекетіміз Қазақстан халқының кез-келген тілін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп санайды. Мәселен, біздің елімізде әртүрлі этностардың тілдерін үйрететін бірнеше мектеп жұмыс істейді. Менің ойымша, бұл адамның шынайы бостандығы. Және бұл бізге, барша қазақстандық жастарға үлкен мақтаныш. Мені жас буынның  өкілі ретінде түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлейтіні қуантады. Менің ортамда мұндай жастар жеткілікті, олар: армяндар, ауғандықтар, орыстар, украиндар және басқалар. Ал мен үшін Қазақ тілі – халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы көрініс табатын әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі», - деді Анна.



Қазір ол мүмкіндігінше көп тіл үйренуге тырысуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Көп тілді білу – жаһандық өмірге жолдама. Бұл адам өміріндегі жетістік қағидасы» екендігін айтқан болатын.



«Сондықтан мен ағылшын, итальян, сонымен бірге Отанымның тілі - қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен демалыс күндері армян мәдени орталығында өтетін мемлекеттік тіл курстарына барамын, қазақ тілінде сөйлейтін достарыммен көбірек сөйлесуге тырысамын», - дейді жас белсенді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тілдер күні #қазақ тілі #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі